
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.
Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).
Объяснение:
А дүние есігін ашып, ата-ананың аялы алақанына қонғаннан кейін, оны күтіп-мәпелейді, маңдайынан жел есірмей өсіреді. Ер жеткеннен кейін алдына міндет-парыздары қойылады. Оны ата-ана емес, қоғам емес, саналы түрде адамның өзі таңдайды.
Менің парызым - ол Жаратушымыздың берген 5 парызы. Оған қосымша, адам ретінде өзіме ата-анамды құрметтеп, сыйлауды, еліме еңбек етіп, пайдамды тигізуді парыз деп білемін. Дұрыс ұрпақ өрбітіп, оларға дұрыс тәрбие бере білу де - үлкен парыз. Ол әрі парыздардың бастысы дер едім. Ұрпағыңа дұрыс тәрбие беру үшін өзіңді тәрбиелеп, өзіңді үлгі ете білу керексің. Сонда өзің де, ұрпағың да еліне еңбек сіңіреді. Ал халыққа бақыт сыйлау, өмірлерін көркейтуге кішкентай да болсын үлес қосу - зор бақыт.