Есіптік сан есімдер (Количественные числительные) Менiң отбасымда бес адам бар. – В моей семье пять человек есть. Бiр аптада жетi күн бар. – В одной неделе семь дней. Сөздiкте үш мың сөз бар. – В словаре три тысячи слов. Сыныпта отыз екi адам бар. – В классе тридцать два человека. Реттік сан есімдер (Порядковые числительные) Қаңтар - жылдың бiрiншi айы. – Январь - первый месяц года. Он тоғызыншы палатада әжем жатыр. – В 19-ой палате моя бабушка лежит. Жиырма бесiншi қазан - Республика күнi. – 25 октября - день Республики. Он бесіншi ақпан. – 15-ое февраля. Жиырма екіншi наурыз. – 22-ое марта. Бiріншi қантар - Жаңа жыл мейрамы. – Первое января - Новогодний праздник. Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсiздiк күні. – 16 декабря - день независимости. .Жинақтық сан есімдер (Собирательные числительные)Екеуiнде кiтап бар. – У двоих книги есть.Мыналардың бiреуiнiң аты - Жан. – Имя одного из них - Жан.Олардың екеуi. – Они вдвоём. Бiздiң үшеуiмiз. – Мы втроём. Болжалды сан есімдер (Приблизительные числительные)Біздің үйде қырықтай гүл бар. – В нашем доме около сорока цветов есть. Бізде елуге жуық қызметкер бар. – У нас около пятидесяти сотрудников есть. Алма нешелерде? Жиырмаларда. – Алме сколько лет приблизительно? Около двадцати. Қайраттың жасы қырықтарда. – Возраст Кайрата около сорока.
Бөлшектік сан есімдер (Дробные числительные)үштен бiр – 1/3 - одна третья бiр бүтiн бестен екi – 1 2/5 - одна целая две пятых он алтыдан бiр – 1/16 - одна шестнадцатая нөл бүтiн оннан бес – ноль целых пять десятых (0,5) сексен төрт бүтiн жүзден он үш – восемьдесят четыре целых тринадцать сотых (84,13)
Топтау сан есімдер (Разделительные числительные)қырықтан – по сорок, екiден – по два жүз елу бестен – по сто пятьдесят он-оннан – по десять, бес-бестен – по пять
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку