Биздин туган жеримиз - Казакстан.
Объяснение:
Туған жер сыры тауында, шоқыларында,
Туған жер жаққан жастықтың оты жанымда.
Өмірде қандай бақыт бар атамекеннің
Еркелеп келіп аунасам топырағында?!
Даланың сазын желемік күйші пайымдар,
Жұпарлы гүлдер қонаққа иісін дайындар.
Шегірткелердің хорына тербеліп әуре
Маңғаз қарағай қасында биші қайыңдар.
Таң атса шықтың көремін тірлігін жаңа,
Мың күнімнен мұндағы бір күнім дара.
Тұман әукесі салбырап басқанда естимін
Шашбау таққан өзеннің сылдырын ғана.
Бір сәт құлақ сап даланың қоңырауына,
Маздаған мақпал кеште де толы мағына.
Қиялға шомып кетемін қап-қара аспан
Жұлдыздан түйме таққанда омырауына.
Мұхаммед Қонқаев
Сәлем достым!
Қалың қалай?Түркістандағы өмірің қалай?!Сен білесің бе,менің туған жерім,Отаным кең байтақ-Тәуелсіз Қазақстаным!Қазақстанның табиғатының тазалығы,сұлулығы,суының мөлдірлігі,жерінің кең байлылығы,құпиялығы менің жанымды тамсандырады.Мен өз жеріме қуаныштымын,осындай бейбіт елде тұрып жатырмын!Байлығы деген де көптеген пайдалы қазбалар,мөлдір бұлақтар,ағаштар,көрікті өсімдіктер және де өз елі үшін жанын беруге дайын тұратын қазақ елі!!!
Ал сен тұрып жатқан жеріңнің қандай ерекшелігі бар?
Сенің досың