Эссе
"Жақсы сөз – жарым ырыс".
Үйдегі үлкендер неге бізге "жақсы сөз айт,жақсы ойла" деп айтады? Егер жамандық ойлап,"өй,мен мынаны істей алмаймын","мен біттім","мен жеңіске жетпеймін" деп налысақ,әрине,айтқанымыз айдай келіп, дегеніміз болады.
Менің бір апайым:"Жақсы сөз айтыңдар.Бәрі тек жақсылыққа" деп үнемі айтып жүретін.Ия,"жақсы сөз – жарым ырыс".Қиындықтарға моймай,жақсылыққа сенсек түбінде бір жақсы күйге қол жеткізесің.Сондықтан да,жаман ойдан аулақ болып,ойымыз да,сөзіміз де тек жақсы болсын.
Әр адамның өз өмірі болады. Сонымен тағдырлары да әртүрлі. Кейбірі өз рахаты үшін, байлық үшін өмір сүреді. Кейбірі өмірінің мәні үшін өмір сүреді. Менде сол өмірімнің мәні деп санаған жақындарым үшін өмір сүруді жөн көремін. Байлық бізге не керек?! Бір күні жоққа айналады емес пе?! Сондықтан мен өз жақындарымды өмірімнің мәні деп санаймын. Өмірімнің мәні деп тұрған жандарым атам, әжем, інім, анам, әкем, қысқасын айтқанда отбасым. Мен өмірімнің мәні үшін өмір сүремін, оларды қатты жақсы көремін.