Берілген сөздердің антонимдері:
өткір – дөкір/өтпес (ауыспалы мағынада «өткір» болса, антонимі: жасық болады);
айбынды-қорқақ;
батыр – сужүрек;
күшті - әлсіз;
қос - бөлек/біреу;
солғын – балғын;
бірлік – алауыздық.
Берілген сөздердің синонимдері:
Өткір – үшкір (ауыспалы мағынада болса, батыл, бетті, жүректі, өжет, өр, өтті, тәуекелшіл);
Айбынды – айбарлы, айбатты, айдынды;
Батыр - ер, қаһарман;
Күшті - әлді, әлуетті, белді, жігерлі, қабырғалы, қажырлы, қайратты, қарулы, қарымды, қауқарлы, қуатты, құдіретті, мелжемді, мықты;
Қос - екі, жұп; сыңар;
Солғын - бәсең, көмескі, нәзік;
Бірлік - ауызбіршілік, бүтіндік, ұжым, ұйымшылдық, ынтымақ.
Айдостың әкесі әр аптаның сенбісінде көлге балық аулауға шығатын. Осы жолы балық аулауға Айдос та баруын өтініп еді, әкесі келісіп дайындалуын сұрады. Айдос зыр жүгіріп қармақ пен жауынқұрттарды жинай бастады. Олар көлге келіп, әкесі қармағын көлге лақтырып жіберді. Ал Айдосқа ағаш пен жіптен кішкентай қармақ жасап берді. Айдостың қармағы көлдегі балықты аулау үшін кішкентай болғандықтан, әкесі аулаған шелектегі балықтарды аулап отырды. Әкесі жақында Айдосқа қармақ сатып алып беремін деп уәде берді. Кеш батып, біраз балық аулаған әкесі мен баласы әңгіме құрып үйге қайтты.
Объяснение: