
Объяснение:
Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ.
ІІ мыңжылдықтың соңында климат өзгерді, жауын-шашын азайып, егіншілікпен айналысу қиындады. Сондықтан адамдар мал шаруашылығымен айналысуды кеңінен қолға алады. Себебі мал шаруашылығы ет, сүт, жүн, тері өнімдерін өндіруге мүмкіндік берді. Түйе, жылқы көлік қызметін атқарды.
Жазда тұруға қолайлы жазық жерлер, қыста мал жаюға қолайсыз болды, мысалы, қыста қатты боран, дауыл болғанда, малдарға ықтайтын жер болмаған, оларға қыста шөп тауып беру қиын болған, сондықтан адамдар қыста қыстау, күзде күздеу, көктемде көктеу, жазда жайлау сияқты қолайлы жерлерге қарай көшіп отырған. Мал басының көбеюі де жайылымды кеңейтуді қажет етті.
Көшпелі мал шаруашылығы осы себептерден қалыптасты.
Ал тұрған жерлері қолайлы адамдар бір жерде тұрып та мал шаруашылығымен айналысты. Оны отырықшы мал шаруашылығы деп атады. Олар мар шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен де айналысты, себебі жерлері құнарлы болды.
Объяснение: