Менің елім
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен Жерұйығым бар. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Менің туып өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.
Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.
Қазақстан кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз.
Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай «бақ атамыз» барда біз бақыттымыз, қазақстандықтар тату-тәтті өмір сүреді.
Ганг өзені – маңызы жағынан Үндістанның бірінші өзені және Азияның суы мол өзендердің бірі. Ганг бассейнінің облысы қуатты өзен жүйесі қалыптасуы үшін ерекше қолайлы. Өзен Гималайдың жауын – шашыны мен қары мол биік тауды аудандарында басталып, содан соң кең – байтақ ылғалы көп ойпатқа шығады. Гангының ұзындығы – 2700 км, ал бассейнінің ауданы – 1125 мың км2 . Өзеннің орташа шығыны – 2700м / с, яғни Хуанхэнің шығынынан 5 еседен аса артық. Ганг екі бастаумен (Бхагиратхи және Алананда) боп 4500 м биіктіктен басталады да, Гималай тауларының солтүстік жоталарын тар шатқалдармен тіліп өтіп, жазыққа шығады, бұл жерде баяулап жай ағады. Ганг Гималай тауларынан көптеген суы мол салаларды, оның ішінде өзінің ең ірі саласы Джамнаны қосып алады. Декан таулы үстіртінде Гангқа құятын салалар әлдеқайда аз. Бенгал шығанағына құятын жерінде Ганг Брахмапутрамен бірге кең және ауқымы тез артып отыратын атырау жасайды. Екі өзеннің жалпы атырауының ауданы 80 мың км2 жетеді, ал бұл атырау теңізден 500 км2 қашықтықтан басталады. Ганг пен Брахмапутра тармақтары атырау жазықтығы шегінде арнасын ауыстырып, өзінің бағытын жиі өзгертіп отырады. Ганг өзені Гималай тауларындағы мұз бен қардың еруінен және жаздық муссондық жаңбырдан нәр алады