yakupov72
17.10.2021 03:28

5вопросов по тексту ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ 6 -тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мазмұнын өз сөзіңмен айт. ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ҚҰПИЯСЫ Басқа тілді үйрену үшін, ең алдымен, ана тіліңнің қыр-сырын жақсы білуің керек. Өз тіліңді жақсы білсең ғана, басқа тілді үйрене аласың, Кейбір зерттеушілердің пікірінше, басқа тілде өз ойыңды жеткізу үшін 2 мың белсенді сөзді білген дұрыс. Сонда ғана кітап оқып, емін-еркін ақпарат алуға болады. Ол үшін тіл үйрену курстарына барған дұрыс. Кем дегенде 5 мың сөз игерсең, ақпарат есігі ашылады. Қазақ тілі — көркем тіл. Ол синоним сөздерге, фразеологизмдерге, мақал-мәтелге бай. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілін білген адамға өзбек, түрікмен, ұйғыр тілдерін түсіну оңай. Орыс тілі роман-герман тілдері тобына жатады. Олай болса, орыс тілін білетін адам ағылшын тілінің ерекшеліктерін тез меңгереді. Қытай тілінде 10 мыңдай таңбаны үйренсең, кәріс пен жапон жазуын тез үйренесің.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sanzharzhumakhp0a0p5
28.07.2020 13:55
Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады
0,0(0 оценок)
Ответ:
cleverprincess
25.07.2021 18:32

Астана арман қала

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.  

Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.  

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота