Сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханшайым әлемдегі ең атақты әйел патшалардың бірі. Ержүрек батыр, әділ ел билеуші ретінде әлем тарихында қалған Тұмар ханшаның есімі өз заманында «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсы патшасы Кирдің Орта Азияға жасаған басқыншылық жорығымен тікелей байланысты. Тарихи деректерде қанқұмар Кирдің соғыс ашу мақсатында жесір қалған Томирис патшайымға өзіне әйел болу туралы ұсынысты елшілер арқылы әдейі жібергендігі баяндалады. Кирдің өзіне емес, елі мен жеріне «құда түскелі отырғанын» жақсы түсінген патшайым оның ұсынысын қабылдамайды. Осылайша, қулығын іске асыра алмаған Кир массагеттерге ашық соғыс жариялайды. Алғашқыда айла-шарғымен массагет әскерлерін уландырып, қолға түсірген Кир жеңіске жеткендей болады. Бірақ, негізгі әскери күшінен, оған қоса ұлы Спаргапестен айрылғанына қарамастан, Томирис дереу басқыншыларға қарсы қол жинап, шабуылға шығады. Нәтижесінде массагеттер жеңіске жетіп, Кирдің өзі қаза тауып, әскерінің көпшілігі қырылды.
Томирис торсықты қанға толтырып, оған Кирдің басын салуға бұйрық береді: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың!» дейді. Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таң қалдырды. Олар Тұмар ханшайым туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған.
Объяснение:
Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан. Абайдың өмірбаянынан алынған мәліметтерді ұсынамыз. Тобықты руының отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген атты, оның анасы Ұлжан қойған. Ибраһимнің әкесінде (Құнанбайда) 4 әйел болған. Ал, ақынның өзінде 3 әйелден болды. Алғашқы әйелі Ділдә – атақты Қазыбек бидің шөбересі. Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам – әжесі Зере. Ол немересінде білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды. Зере ауызша баяндаудың керемет шебері болған және ертегі мен әңгімені қызықты айта білген. Сондықтан, Абай әжесін қатты жақсы көретін. Көптеген шығарма жазғанына қарамастан, көзі тірісінде, газеттің беттерінде бірнеше өлеңі ғана жарияланды. Тек қайтыс болғаннан кейін бес жыл өткен соң, «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» атты шығармалар жинағы жарық көрді. Ол 170-ке жуық өлеңнің авторы. Сонымен қатар, орыстың ұлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ең маңызды өлеңдерін 40 жасында жаза бастады. Абай Құнанбаев, қазақ әдебиетіне бұрын белгісіз жаңа поэтикалық формаларды енгізді. Қазақ тілін меңгерудің негізгі қағидаларын ұстана отырып, ана тілінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жаңа жолдар ашты. 1886 жылға дейін өз шығармаларын Көкбай Жанатайұлы деген атпен жазған. Бұл адам – Абайдың жақын досы, әрі шәкірті болған. Ақынның ұлы Тұрағұл, Алаш партиясының мүшелері Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатовқа баспана бергені үшін сотталып, жер аударылған. Абайдың құрметіне аталған қалалар Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, Киевте, Ташкентте, Делиде, Каирде және тіпті Берлинде бар. Қазіргі уақытта, ұлы ойшылдың туындылары 60 тілге аударылған.