Юлёк1432
15.11.2022 08:27

Решите тест по казахскому 1.Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз:
А. Киоскке Б. Киосгге С. Киоскіге Д. Киосікке Е. Киоске
2. Тасымалданбайтын сөзді табыңыз:
А. Ел-жұрт В. Тайбурыл С. ТарМУ Д. Отбасы Е. Тыныс белгісі
3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз:
А. У-іл-дек В. Құр-аст-ыру-ға С. Дау-ыл-паз Д. Қа-біл-ет-ті Е. Әб-і-гер-лен-у
4. Орфоэпиялық нормаға сай сөзді табыңыз:
А. Басшы В. Жұлдұз С. Кемеңгер Д. Саудагер Е. Қасқыр
5. Ілгерінді ықпалды табыңыз:
А. Сары ала В. Жаңа келді С. Бара алмады Д. Көк аспан Е. Барлығы
6. Аңшылыққа байланысты кәсіби сөзді тап:
А. Мұрап,шығыр,көсек В. Есепшот,дебет,несие С. Тенор,мажор,дирижер
Д. Шәугім,шаққа, дарбыз Е. Сонар,шиті,салбұрын
7. Диалект сөзді белгілеңіз:
А. Шабдалы В. Секер С. Алабота Д. Ырза Е. Миуа
8. Қазақ шешендік өнерінің неше кезеңі бар?
А. 5 В. 7 С. 3 Д. 2 Е. 6
9. «Өнертабыс»неологизмі қалай жасалған?
А. Жұрнақтар арқылы В. Сөздердің бірігіуі С. Сөз мағыналарының жаңаруы Д. Басқа тілден енуі Е. Қосарлануы арқылы
10. Тұрақты тіркесті табыңыз:
А. Аузымен орақ орды В. Әлін білмеген әлек С. Жер-ырыстың кіндігі Д. Ұрлық түбі-қорлық Е. Еңбек ер атандырады
11. Осы сөйлемдегі сын есімге синоним сөзі бар сөйлемді табыңыз:
А. Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын В. Өтірікшінің шын сөзі зая С. Жері байдың елі бай Д. Ырыс алды-ынтымақ Е. Ескі сөз-жаңа сөздің қазығы
12. Кірме сөзді табыңыз:
А. Қасқыр В. Бастық С. Әліпби Д. Ағайын Е. Жарлық
13. «Жазсын» сөзіндегі қосымшаны табыңыз:
А. Жіктік жалғауы В. Тәуелдік жалғауының 3-жағы
С. Тәуелді септелген табыс септік жалғауы Д. Септік жалғауы
Е. Рең мәнін тудыратын жұрнақ
14. Шырай жұрнақтары қабаттаса жалғанған сөздерді тап.
А. Жап-жарық,үп-үлкен В. Тіпті аласа,ең үлкен С. Биігірек,үйсіз
Д. Көшпелі,таудай .Е. Көкшілдеу,биігіректеу
15. Барыс жалғаулы есімшені тап:
А. Оқылған В. Оқығанға С. Оқыпты Д. Оқуына Е. Оқымастан
16. Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?
Сабақты етістіктісалт етістікке айналдырады.
А. Өзгелік етіс В. Ашық рай С. Ырықсыз етіс Д. Ортақ етіс Е. Тұйық етістік
17. Есім сөздердің қызметін атқаратын етістің түрі қайсы?
А. Ортақ етіс В. Өздік етіс С. Ырықсыз етіс Д. Өзгелік етіс Е. Ешбірі

18. Себеп-салдар үстеуін тап:
А. Партия қызуы амалсыздан саябырлай бастап еді.
В. Бұл көксеректің жаз бойы ырылдасып өскен ала төбеті болатын.
С. Боранды, аязды түндерде бірен-саран қораға түсіп көрді.
Д. Бүгін таңертең аз ғана ас құйылған екен.
Е. Осылайша біздің оқуымыз да келер жылға дейін тоқтаған еді.
19. Еліктеу сөздің мағыналық түрін табыңыз:
А. Бейнелеуіш В. Қатыстық С. Белгісіздік Д. Болжалдық Е. Сапалық
20. Ауыспалы өткен шақты тап:
А. Барған В. Баратын С. Барды Д. Барар Е. Барғалы жүр
21. Орын тәртібі арқылы байланысып тұрған тіркесті тап:
А. Жолаушылар келді В. Мектеп үйі С. Сыныпта отыр Д. Таулы өлке Е. Үнді шайы
22. Матаса байланысып тұрған тіркесті тап:
А. Мен оқыдым В. Ісімен жақсы С. Мені әдетім Д. Жалт-жалт қарау Е. Сіз келдіңіз
23. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді тап:
А. Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды .
В. Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол.
С. Ерінген қалар ұятқа, ізденген жетер мұратқа.
Д. Уақыты болмады ма, ұмытып кетті ме, маған телефон соқпады.
Е. Ол бірде биік, бірде аласа, бірде шешен, бірде сараң сөзді еді.
24. Тұйық етістікті жұрнағы жалғанғанда, қай сөз өзгеріске ұшырайды?
А. Еру В. Жазу С. Бармау Д. Туу Е. Жету
25. Орын тәртібі арқылы байланысқан тіркес қайсы?
А. Әсем қала В. Қаланың көркі С. Қала үшін жасалған
Д. Алматы- астана Е. Алматыға барамын
26. Тұрақты сөз тіркесін тап:
А. Абысын- ажын В. Жастық шақтың қызығы С. Тайға таңба басқандай
Д. Бес саусақ Е. Жасыл желек
27. Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты тап:
А. Осы араға жиналғанымыз- жетеу. В. Жиналысқа келгендері-жеті-ақ адам.
С. Жеті жердегі жеті- қырық тоғыз. Д. Оның жасы жиырмада. Е. Қасиетті сандардың бірі- бес.
28. Сын есімнен болған бастауышты тап:
А. Оның ең ұнататын түсі- қоңыр. В. Ол өлең оқуға құмар. С. Әдемілігіне көз тоймайды. Д. Көйлектердің ішіндегі сарысы маған ұнады. Е. Дала қап-қараңғы.
29. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз:
А. Асқар-инженер В. Зор денелі адам үйге алдымен кірді. С. Алматы-астана
Д. Мал жайылды Е. Бала-болашақ
30. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз:
А. Мұның не керегі бар? В. Не ексең, соны орасың С. Ата, ауылмен сөйлесіп тұрсыз ба?
Д. Өнер алды-қызыл тіл Е. Қызарып атқан таң

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
KirillK2014
17.02.2021 17:26

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ankur1
13.09.2022 16:35
Понятие интернет - это всемирный узел которая быстро соединяет любой компьютер на земле с другой рабочей станцией, то есть с другим компьютером подключившийся телефонную сеть.  Его называют самым большим в мире масштабным узлом. Можно сказать что компьютеры соединяясь через телефонную сеть, разговаривают на одном "языке". Интернетом  никто не управляет, оно не частная собственность, как и всемирная Международная телефонная сеть.  Вот так, с интернетного  узла можно отправлять электронные письма, узнавать информации с другого компьютера, дистанционно участвовать в телеконференциях.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота