Kurakluk
21.04.2021 12:00

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

ЭКСПО көрмесі Қазақстанға не берді?

ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін елдіктің ерен жеңісі деуге болады. Бұл көрмені Астана қаласында өткізу - Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына тиесілі.

ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы» болды, бұл дегеніміз «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновацияларды қолдау деп білеміз. Ал енді осы аталмыш көрме Қазақстанға не берді? деген сұраққа жауап беретін болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев көрменің Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін есерін ерекше атап өтті. Көрменің оң әсеріне тоқтала кетсек: шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды.

Сонымен қатар, жаһандық шара мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан танытып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрістеуіне, мәдени дамуына тың серпін берді. (165 сөз)

Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Қаражаттың тиімді жұмсалуы

Сарапшылар атап өткендей, ЭКСПО-ға жұмсалған ақша елдің жанармай-энергетикалық кешенінің дамуына кеткен қаражаттан 30 миллиард теңгеге асып түсті.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындауға бес жыл ішінде Қазақстан бюджетінен 565 миллиард теңге жұмсалған, деп хабарлайды Ranking.kz сараптама порталы.

Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындыққа бес жыл ішінде 565,1 миллиард теңге немесе 2,1 миллиард доллар бөлінген. Оның ішінде Астана қаласы бюджетінен – 1,58 миллиард теңге.

Бұдан бұрын "Астана ЭКСПО — 2017" АҚ ұлттық компаниясы басшысы Ахметжан Есімов хабарлағандай, бастапқы есептеулер бойынша көрмеге 400 миллиардтай қаражат жұмсалған, оған нысандардың салынуы мен іс-шаралардың өткізілуі кіреді.

Барлық шығынның жартысына жуығы 2016 жылы жұмсалды – 267,2 миллиард теңге. Биыл көрменің ашылуына дейін тағы 77,3 миллиард теңге ұсталды.

Орта есеппен көрменің дайындығына адам басына шаққанда 66 мың теңгеден кеткен. Тағы бір айта кететін жайт, 2015 жылы Миландағы ЭКСПО-ға 3,6 миллиард доллар жұмсалған екен, ал ең қымбат ЭКСПО Шанхайда өткен, Қытай елі оған 60 миллиард доллар жұмсапты.

Әйгілі көрмелерді өткізуде дамыған мемлекеттер жоғарыда көрсетілген қомақты қаражаттарды жұмсаса, жаңадан тәй-тәй басып нығайып келе жатқан Қазақстанның қаражаты айды аспанға шығарғандай. ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруға кеткен қаржы жоспарланғандай өз шығынын өтеді ме, өтесе өтелген шығын еліміздің экономикасының көтерілуіне өз септігін қаншалықты дәрежеде тигізді екен?..

Жаһандық көрмедегі Қазақстанның танымалдылығы, ондағы жобалардың жүзеге асырылуының маңыздылығы неде? (225 сөз )

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, « ЭКСПО көрмесін ұйымдастырудың Қазақстан үшін қандай пайдасы болды?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nika270106
28.08.2022 01:26
Драма театры. А.Н. Островский, содан кейін атаман Столыпиным бастамасымен фермер казак Шипова арқылы 1858 жылы салынды. бірінші тұсаукесері 1859 жылдың күзінде жанкүйерлер тобын берді. премьерасы комедия А.Н. болды Ostovskogo «Кедейлік ешқандай қылмыс болып табылады.» Алғашында, театр жиі классикалық туындыларын сахналады. Бірақ ХІХ және ерте HHstoletiya Л.Н. қазіргі заманғы жазушыларының пьесалар репертуарында пайда бола бастады Толстой, AP Чехов А.М. Горький. Қазақ драма тұрақты анықтамалықтардан Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш және Баян Сұлу» С. Мұқанов Шоқан Уәлиханов «және» Ботагөз «С. Жунусова» Өлімнен де күшті «репертуарын байытқан ... Оралда театр мәдениет, махаббат пен сатып алу ошақтарында болды зиялы қауым, жұмысшылар мен қызметкерлердің құрмет. Бұл команда әрдайым көрермендер мәселелерiн қадағалайтын, хош, тыныштық шындық тұрған және жұмыс істеген, есе қарқынын сақтай отырып, өйткені, таңқаларлық емес. Өткен жылдар ішінде театр талантты режиссерлер, сахна шеберлері, жоғары талант актерлері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері жұмыс істеді
0,0(0 оценок)
Ответ:
veronichka1414
13.11.2021 13:39

Балалық шақ - ұмытылмас бал күндер. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады. 

Балалық шақ туралы шығармаға бала күніңіздің естеліктерін, сол кездегі арман-тілектеріңізді, қиял әлемінің көрінісін жазуыңызға болады. Басыңыздан өткен небір оқиғаның өзі шығармаға арқау болуға жетіп артылады. Себебі, бала өмірінің әр парағы қызыққа толы. Оған қоса, ата-анаңыздың қамқорлығы, жақындарыңыздың мейірімі, ата-әженің жүрегі елжірей еркелетіп, берген тәрбиесі де тілге тиек етуге тұрарлық зор дүние. 

Балалық қиялға не жетсін, шіркін! Бала күніңіздегі қаһарманыңыз, небір қиял-ғажайып оқиғалар, құбылыстар, барлығы да балғын шақтың тәтті күндеріне тән. Олар шығармаңыздан көрініс беріп жатса, кімге де болсын бала шағын еске түсіріп, тұла бойын ерекше сезім, сарқылмас саыныш кернейтіні анық.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота