1-жаттығу. Үлгі бойынша сөйлемдердегі негізгі етістерді ортақ, өзгелік етістерге (жұрнақ арқылы) өзгертіңіз, мағынасын түсіндіріңіз Үлгі: Шешем ыдыс-аяқ жуды – ыдыс-аяқ жу-ыс-ты, ыдыс-аяқ жу-ғыз-ды.
1. Әкем ауылға хат жазды. 2. Ол өзінің компьютер үстелінің шаңын сүртті. 3. Мен ағылшын тілінен мәтін аудардым. 4. Дәрігер науқастарға компьютерлік диагностика жүргізді. 5. Ол халықаралық жаңалықтар жөнінде жедел ақпарат алды. 6. Іскер клиенттермен, жабдықтаушылармен Интернет арқылы жедел қатынас жасады. 7. Демеуші музыкалық кітапхана ашып берді. 8. Бағдарламашы электр желісіне жүйелі қорапты қосты. 9. Туыстарым туған күніме арнап ноутбук сатып әперді.