1. Қытай мен Еуропа елдерін
2. Ежелгі Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін бөлігінің ұзындығы 3000 шақырым болды деп көрсетеді. Қазіргі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінің Қазақстан арқылы өтетін ұзындығы да
3 000 шақырымға жуықтайды.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құрлықаралық автокөлік дәлізі мегажоба. Дәліздің жалпы ұзындығы – 8445 шақырым. Мұның ішінде Қазақстанның үлесіне 2787 шақырым тиесілі.
Жол 5 облыс аумағын, атап айтқанда, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары аумағын басып өтеді. Жолдың 2452 шақырымының Ақтөбе облысында - 358, Қызылорда облысында - 817, Жамбыл облысында - 480, Оңтүстік Қазақстан облысында - 458, Алматы облысында - 339 шақырымы қайта жаңартылады.
3. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.
Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес үкіметі тұсында сыртқы саудаға қатыса алмады. Ал қазір өзінің егемендігін алғаннан кейін ол сыртқы саудадағы ролін арттыруға мақсат етіп, оны жан-жақты қамтып отыр. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы халықаралық саудада ең елеулі орынды алып отыр. Қазақстан ендігі халықаралық сауданы дамыту жолында. Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың дамуы ежелден келе жатыр. Оны Жібек жолы бойындағы сауда жолдарының қызметінен көруге болады. Міне сол уақыттан бері Қазақстандағы халықаралық саудада болып жаткан өзгерістерді анық көруге болады, яғни ол кезде Қазақстан Республикасы аз ғана елдермен сауда қатынасына түскен болса, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 120 елмен халықаралық сауда қатынастарына түсуде.