nikspirin
11.12.2022 06:00

Мәтіннен есімдіктерді тауып, қай мағыналық топқа жататынын көрсетіңіз. Өте ертеде бір дана қария дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып: – Балам, менің дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқсатып қолдан, – депті ... Күндердің күнінде бала әке қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан ақыл сұрайды. – Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ, – деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін айтыпты. («Ел аузынан»).

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Maqa11
17.11.2021 14:05

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең өңгірге түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі өңгірге кез болып, түлкіні көреді.

– Ей, түлкі қорқақ, не істеп тұрсың? — депті

– Ой, не қыласың, жаным ауырып тұр. Қырда әрі су ішкім келіп , әрі ыстықтап өліп едім. өңгірдін іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, — депті түлкі.Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», — деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп, ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне аяғын тірепті де, секіріп далаға шығып, жөніне кетіпті.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Aksvat1999
06.05.2020 22:45

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота