Mihael13
17.10.2021 17:10

4-тапсырма. Тест 1. Зат есімнің сұрақтарын ата.

А. Не істеді? Қайтті?

Ә.Қанша? нешінші?

Б.Кім? Нелер?

В.Қандай? Қай?

Г. Кім үшін? Не үшін?

2. Қосымшны белгіле.

А. Адам, гүл

Ә.Тары, арпа

Б. Арқылы, соқ

В. дың, ға

Г. Қап, біз.

3. Күрделі сөзді анықта.

А. Мойын ұсыну

Ә.Мойын омыртқа

Б. Мойнын орады.

В. Кінәні мойындау

Г. Кір мойын.

4. Анықтауышы бар сойлемді белгіле.

А. Түлкі төлден өседі.

Ә.Жалқау- өзіне жау

Б. Мал-баққандікі

В. Жаман бала-күйік

Г. Үндемесе бәле бар.

5. Сөз құрамын, сөз табын зерттейтін саланы ата.

А. Фонетика

Ә.Морфология

Б. Лексика

В. Синтаксис

Г. Фразеология

6. Сөз тіркесін белгіле.

А. Аз сөз-алтын.

Ә. Қырық бес, он екі.

Б. Әдемі қыз, биік тау.

В. Желсіз түнде жарық ай

Г. Ит өлген жер, діңкесі құрыды.

7. Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті тап.

А. Жақсы оқу- әр оқушының міндеті.

Ә. Ақыл - тозбайтын тон.

Б. Білгенге маржан

В. Ақырындап атты алтын таң.

Г. Кел, балалар, оқылық!

8. Біріккен сөзді белгіле.

А. ТМД, БҰҰ

Ә. Ата-ана, үлкен-кіші.

Б. Астана, Алматы

В. Сарышаян, Екібастұз

Г. Балықшы, тұзсыз

9. Қос сөзді белгіле.

А. Қырық бес, алты.

Ә. Жоғары – төмен, биік-биік

Б. Талдықорған, Сарыөзек

В. Қырмызы, балдай

Г. МТС, колхоз

10. Ауызша ой дамытыңдар.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
saint6928
24.02.2020 04:39

ответ:Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды отыз жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Генгстер
24.02.2020 04:39

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбі бір Түркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді. Тәуелсіз елдің алғашқы президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан. Жазық далаға ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таңыта білді. Қаланың аспанмен теңесе салынған биік ғимараттары мен халықтың қолданысы үшін әрқилы ойын-сауықтық кешендер барлығы қала әсемдігіне көрік қосып тұр. Қазақстанның әсем мекендері, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге айналды. Біз, жас өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота