Nookrod
01.06.2020 14:06

Туризм кеш өркендеген сала болғанымен, оның қазіргі даму аяқ алысы өте тез. Өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм әлемдегі жаңадан гүлденген салаға айналды. 90 жылдарға жеткенде туризмнен кіретін кірістің халықаралық экспорт кірісіндегі үлесі 8 пайыздан асып, одан түскен табыс мұнай өнімдері мен автомобиль экспорты табысынан кейінгі маңызды кіріс қайнары болды. Халықтың тұрмысы жақсарып, мәдениет өресі өскен сайын туризм де ішкі жақтан түрленіп, мазмұны жақтан байып барады. Атап айтқанда, бұрын сыртқы және ішкі туризм деп бөлінсе, қазір бұрынғыдай көркем жер, әдемі аумақтарды саяхаттаудай дәстүрлі туризм тәсілі таңсық болудан қалып, демалыс туризмі, ойын-сауық туризмі, жиналыс туризмі, жастар туризмі сияқты жиырмаға жуық түрлері пайда болды.
Сонымен қатар, туризмнің даму бағытында да мынадай тың беталыс байқалды. Біріншіден, экономиканың дамуына ілесе, адамдардың рухани мәдениетке деген қажеті артып, саяхаттау жұртшылықтың негізгі тұрмыс тәсіліне айналды. Екіншіден, жаңадан дамыған елдердің туристік орындары көбейіп, Азия елдеріне саяхаттап келетін туристер жыл сайын молайды. Үшіншіден, қатынас қолайлылығы артқан сайын сауда сипатындағы туризм жандана түсті.
Қазақстан 1993 жылы Дүниежүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, содан бері туризм сан салалы шаруашылықты шалқытып, экономиканы нығайтудың маңызды саласы ретінде қаралып келеді.
Биылғы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев жастар туризмін дамытуды айрықша ауызға алып, Қазақстанда туризмді дамытудың мәні мен маңызына тоқталды. Бірінші президенттің бұл сөзін отандастарымыз елімізде туризмді дамытудың жаңа беташары ретінде қабылдады десек артық емес.

1. Мәтіннің жанры қандай?
A. әңгіме
B. эссе
C. хат
D. баяндама тезисі
[1]
2. Мәтін неше бөліктен тұрады?
A. 1
B. 2
C. 3
D. 5
[1]

3. Мәтіннің құрылымына талдау жасаңыз (кіріспе, негізгі, қорытынды).

[3]

4. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз, дәлелдеңіз.

[2]

5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
yanarem1
18.03.2022 04:42

Адамның өз Отаны жөніндегі ыстық ұғымы әрдайым оның кіндік кескен, ананың ақ сүтін емген, өскен жеріне байланысты. Отан, міне, осылардан басталады. Бала күнінен етене таныс туған жер көріністері адамның есінен еш­уақытт­а кетпейді, көз алдында тұрады. Кеудеңде жаның тұрғанда оны ешкімге беруге болмайды. Туған табиғаттың сұлулығын, адам ісінің адалдығын сезінбейінше, азаматтық сезім бола бермейді.

Отанды сүю ұғымы туған табиғат­қа, отбасына, мектепке, дос­тарына, кітапқа, суретшілер шығармаларын­а, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игілік­тің бәріне деген сүйіспен­ші­лікті қамтиды. Отанды сүюге тәрбиелеу деген сөз бұл балалардың пат­риоттық сезімін тәрбиелеу дегенге саяды. Патриотизмді тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды. Біз­дер ағаштарғ­а, гүлдерге, үй-ішінің тынышт­ығына деген тал­пыны­сымызды балаға дарытпай тұрып, Отанға деген сүйіспен­ші­лікті тәрбиелей алмаймыз. Айналасындағы адамдарды - құрбы-құр­дастарын, үлкендерді құр­меттеуді тәрбиелемес бұрын, халық­қа деген­ сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Даша07кбр
30.06.2020 20:51

ТЕАТР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР

2011 жылы шілде айында Лондон театрында кешкісін «Бесік жыры» деп аталатын өзгелерден ерекше қойылым болған. "Қойылым несімен ерекше" дейсіз ғой? Онда кресло орындықтарын бір адамдық, екі, тіпті үш адамдық кереует қылып жасап,  үстіне көрермендерді жатқызған екен. Олардың басты мақсаты -  көрерменді жайлы жайғастырып алып, тыныш ұйқыға батыру.

Константин Анисимов  - Ленин комсомолы атындағы Ленинград театры труппасының актеры, әрі  «Зенит» футбол клубының ішкі ойындарының дикторы. Кейде ойын мен қойылым бір-бірімен тұспа-тұс келіп қалған кездерде ол түрлі қулықтарды  қолданатын болды. Мысалы «Гамлет» спектаклінде Лаэрта ролін  сомдамақ болғанда, ол тек бірінші және үшінші акт кезінде ғана сахнаға шығады екен. Осы уақыт аралығында ол футбол алаңына барып, тіпті ойынды жүргізіп келіп  үлгерген.

Ежелгі римдік тұрғындар қанды оқиғаларға толы дүниені көргенді ұнатқан. Олар мұндай көріністерді тек гладиаторлар жекпе-жегінен ғана емес, кәдімгі тетарлық қойылымдардан да тамашалайтын болған. Егер актер сценарий желісі бойынша, сахнада өлуге тиіс болса, онда оған сол жерде өлтіруге үкім шығарылып, сахнада, көрермендердің көзінше өлтірген.

Бізге белгілі, бұрынғы кезде театрдағы барлық ролдерді тек ер адамдар ғана ойнаған, заң соны талап еткен. Шекспирдің заманында қойылым тоқтап қалса, «Королева Елизавета қырынып үлгере алмай жатыр» - дейді екен.

Иония жерінде бір ерекше театр болған. Ол несімен  ерекше? Ол театрда бір қолдың сарбаздарын бөлек бір арнайы қатарға отырғызатын көрінеді. Ал олардың алдындағы қатарда тақыр басты құлдар отырады. Қойылым кезіне шапалақ ретінде артта отырған сарбаздар құлдардың тақыр бастарынын ұрып, құрмет көрсетеді екен.

Атақты әртіс Татьяна Пельтцер өмірінің соңғы жылдарында жаттаған сөзін үнемі ұмытып қала берген көрінеді. Ол Ленкомның «Қызыл шалғындағы көк аттар» спектаклінде Клара Цеткинның ролін ойнап жатып айтуға тиіс сөздерін ұмытып қалады да : «О, Құдайым-ай, ештеңе есімде емес» - дейді. Сол кезде Ленинннің ролін сомдап жатқан Олег Янковский тосылмастан: «Клара, сіз мүмкін пролетариат қосылуы керек деп айтқыңыз келген болар» - дейді.  «Иә, соны айтқым келген» - дейді Пельтцер. Содан кейін, Татьянаның есіне енді қалғандары да түсе қоймас деген оймен Олег барлық диологты өзі айтып  шығады.

Римдік драматург Ливий Андроник үнемі өзі жазған тргедияларында өзі басты ролді иемденеді. Бір күні ол өз даусын жоғалтып алып,  кезекті қойылымында сырттан айтып тұратын бір адамды тағайындап қояды екен де, өзі аузын жыбырлатып қана тұрады. Бұл жағдай тарихта фонограмманы ең алғаш қолдану болып қалды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота