VaNyOkToP
04.04.2020 11:37

2-тапсырма. Берілген мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз Есімнің ұлы Жөңгір ханның билік құрған кезеңі (1629-1652 жылдар) жоңғарларға қарсы
күреспен өтті. Жеке ерлігі мен әскери жеңістері үшін қазақтар оны «Салқам Жәңгір» деп
атады. Қазақ ханы қалмақтармен күресте Қашғария моғолдарынан қолдау тапты,
қырғыздармен одақ құрды.
Осы кезеңнен мағлұмат беретін деректер де қазақтар мен ойраттар арасында
бірнеше ірі шайқастардың болғандығы аталып өтеді. Соның бірі 1643 жылғы шайқас. Жау
шапқыншылығы туралы хабарды алған Жәңгір оларға қарсы шықты. Жәңгір хан Дала өңірі
үшін озық жаңа әскери әдістерді пайдаланып, Орбұлақ шайқасында жеңіске жетті. Сол
кезеңдегі орыс құжаттары бойынша, Жәңгір өз адамдарының жартысына «от қарумен» тау
арасындағы өткелде ор қазып бекінуге бұйырады. Ал өзі үш жүз адаммен тауда
жасырынады. Ойраттар шатқалға енген кезде оларды бораған мылтық оғы қарсы алды. Жау
дүрлігіп есі шықты, осы сәтте тылдан Жәңгірдің өзі соққы берді. Қазақ сарбаздарына
Самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр 20 мың адамымен көмекке келді. Ойраттар
талқандалып, он мыңдай адамынан айырылып, кейін шегінді. Жәңгір хан 1643-1644
жылдардағы шайқаста шешуші жеңіске жетті.
(Қазақстан тарихы 6-сынып авторы:Н.С.Бакина, Н.Т.Жанақова, Қ.К.Сүлейменова)
1) Орбұлақ шайқасындағы Жәңгір ханның ерен ерлігі мен қолбасшылық дарындылығына
байланысты 2 дәлел келтіріңіз
1
2
[2]
2) Орбұлақ шайқасында қазақ сарбаздарының жеңіске жетуінің 2 себебін жазыңыз
1
2
[2]

3) Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігіне баға
беріңіз
1
2
[2]
умаляю

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sofaaa77
10.03.2020 12:34
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстіртіарқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).

Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.

Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.

Арал теңізі алабына Оңтүстік жәнеОрталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу,Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.

Балқаш-Алакөл көлдер жүйесінеҚазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ПолинаТ1
10.03.2020 12:34

Тянь-Шань, Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда, яғни жылдың жылы кезінде тасиды. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%), ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды.

Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да, оларды карашаның аяғында тұрақты мұз басады. Мұздың қалыңдығы 70-90 см-ге жетеді. Аязды қыста мұздың қалыңдығы республиканың солтүстігінде 190 см, оңтүстік өзендерінде 110 см болады. Өзен мұзы 2-4 ай бойы катып жатады. Сәуірдің басында оңтүстіктің екінші жартысында солтүстік өзендерінің мұзы ери бастайды.

Биік тау өзендерінің мұз режимі басқаша. Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен коректенетіндіктен, тұрақты мұз жамылғысы қалыптаспайды. Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байқалады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота