Домбыра:Екі ішекті 9-14 пернеге дейін болатын шертпелі аспап.
Қобыз: Екі ішекті,ысқышпен ойнайтын аспап,ішегі аттың қылынан есіп жасалады.
Асатаяқ: Басы жалпақ,оймышталған таяқ.Жалпақ басына әртүрлі сылдырмақтар,қоңыраушылар орнатылады.
Жетіген:Жеті ішекті аспап.Ішектерге тиек ретінде және ішектің дыбысын реттеуші тетік ретінде асық пайдаланады.
Сыбызғы:Кепкен қурайдан,жуан қамыстан жасалатын үрмелі аспап
Дабыл: Соқпалы аспаптардың ең үлкені,үндісі.Онымен тұтқиылдан қауіп төнгенде не елді жиынға шақырғанда пайдаланады.