Жан – жануарлар туралы мақал – мәтелдер (орысша аудармасымен).
Жетім қозы маңырауық - Ягненок-сирота блеет без конца
Түйе — байлық, қой — мырзалық, жылқы — сәндік. - Верблюд — богатство, овцы — щедрость, кони — красота.
Төлден мал өседі, шыбықтан тал өседі. – Скот растет с приплода, а дерево – с прутика.
Қойың болса, қора табылар. – Будут овцы, найдется и хлев.
Көрмес түйені де көрмес. - Кто не хочет видеть, тот и верблюда не заметит.
Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің - Настоящий куырдак увидишь, когда забьют верблюда (намек на нечто большее, чем то, что уже случилось)
Нар жолында жүк қалмас. - На пути верблюда груз не залежится.
Теке — тұрыққа, азамат — ұрыққа - Козел тянется к месту обитания, молодец — к своему племени.
Ешкі егіз тапса, шошқа сегіз табады. - Если коза приносит по двойне, то свинья — по восемь.
Ешкі еті — ем, теке еті — жел. - Мясо козы — лекарство, мясо козла — ерунда (ветер).
Ешкі болсын, теке болсын, балаларға сүт болсын - Пусть хоть что, но было бы с пользой (пусть хоть коза или козел будет, для детей было бы молоко).
Қойшы көп болса, қой арам өледі. - Когда пастухов много, овцы с голода дохнут (у семи нянек дитя без глазу).
Той өтті - қой бітті. – Закончился праздник, закончились и бараны.
Жер қойнауын кешенді игеру — адамзат қоғамының минералдық шикізаттарға деген сұранысының жылдан жылға өсуіне байланысты туып отырған әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблема. Мұндай жағдайдың туындауының негізгі себептері: көптеген минералдық қорлардың азаюы (мыс., мұнай, газ, металдар, ауыз су, т.б.), жер беті мен жер асты суларының гидрологиялық режимінің бұзылуы, олардың шектен тыс ластануы, сөйтіп адамзаттың өмір сүруіне қауіпті жағдайдың туындауы, т.б. Бұл мәселелерді шешу үшін қолданылатын негізгі шаралар: тау-кен металлургиялық өнеркәсіптің өнімдерін ауыстыра алатын шикізаттарды жасауға көшу; кен орындарын кешенді игеру, ал өндірілген кенді қалдықсыз толық пайдалану; кенді байытуда озық технологияларды пайдаланып, ондағы пайдалы құрамдас бөліктердің шығымын арттыру; кен орындарын игерудегі өндіру мен байыту сияқты өндіріс орындарын жер астында орналастыру; табиғи ресурстарды пайдалануды ақылы жүйеге көшіру. [1]