-Алдыға қарай өтіңіз,қазір біз бағалы және жартылай бағалы тастар жиынтығын қараймыз. -Тағы да біз металл және металл еместерді көріп тұрмыз, бұл жиынтықты бізге археолог әйел сыйлаған болатын. -Жомарт әйел, оған рахмет -Енді біз тау-кен техникумының қайнар көзі болып табылатын директорлардың суреттерін тамашалаймыз. -Ең ұзақ уақыт аралығында директор болған кім? -Куценко, енді біздің мұғалімдеріміздің суреттерін қараймыз -Міне Әлия Бейсенбаева, әне Сәуле Ибраевна, әлі тым жас , ал біздің куратор Андрей Серикович қайда? -Оның жұмыс істеп жүргеніне тек 2 жыл болды, сондықтан біз оның суретін қоймадық. Сізге ұнады ма? -Иә, өте
Менің өз замандастарыма көзқарасым, қатынасым қандай, олар маған ұнайды ма, жоқпа- деген сұраққа біржақты жауап бере алмаймын. Бір жағынан мен өз замандастарымды ұната қоймаймын, екінші жағынан құрметтеймін. Ұнатпайтыным- алдыңғы буындағыларға қарағанда жан байлығы аздау сияқты, ұнататыным- олар жаңа технологияларға тез үйренеді, күрделі ақпараттарды тез қабылдайды. Қазіргі ұрпақтарды алдыңғылармен салыстыра отырып, қазір байлар мен кедейлерге бөліну қатты білініп тұр деуге болады, бұл жаман. Қарама қарсы топтағы екі адам бір-бірін түсінбейді, олар тек өте қажет жағдайда ғана араласуы мүмкін. Менің көзқарасымда менің замандастарыма тәрбие жетіспейтін сияқты. Олар көпшілік жағдайда өздерін ешқандай кедергілер мен шектеулер жоқтай ұстайды. Көпшілік -қазіргі жастар қайырымсыз деп есептейді. Бұны мен былай түсіндіремін, қазір бәрі интернетке кіре алады, ал интернет кейде адамның психикасын бұзады. Ертеде адамдар бұндай ақпараттан қорғалған еді. Қатыгездіктің тағы бір түсініктемесі- киноэкрандарда, жалпы ақпарат құралдарында, компьютерлік ойындарда: қатыгездік бір шектен шығушылық емес, күнделікті қалыпты әдетке айналуда. Мен барлық ұрпаққа бірдей мінездеме беру дұрыс емес деп ойлаймын, әр адам өзінше ерекше. Біз ұрпақ туралы жалпы айтқанда әр түрлі адамдарды қосып жібереміз, мейірімділер мен қатыгездерді, салмақтылармен жеңіл ойдағыларды, ақылдылармен онша ақылды еместерді. Адамзат мыңдаған жылдардан бері өсіп, дамып келеді және барлық заманда ұқсас сынақтардан өтеді, сонда да әркезде бір тырманы басады. Сатқындық, жалқаулық, махаббат-бұның бәрі жаңалық емес. Айырмашылық тек қоршаған жағдайда. Жағдай өзгерсе- адамдар қарым-қатынасы өзгереді. Мысалы: біздің ғасыр, жоғарғы технологиялар ғасыры, адамдар қатынасына көп өзгеріс енгізді: біз бір-бірімізге қонаққа аз барамыз, балалармен жасөспірімдер аулада ойнамайды. Осының нәтижесінде, бір-бірімізбен қатынасымыз бізден бұрынғылардан өзгеше.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку