
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Армандар қайтсе орындалады?
Армандамайтын, тәтті қиялға берілмейтін адам жоқ шығар? Адамға армандау керек, себебі армандар бізді алдымызға мақсат қою арқылы жарқын болашаққа жетелейді.
Арман – бізді қанаттандыратын сезім. Армандау арқылы біз алысқа көз тігіп, жарқын болашақ туралы ойланамыз.
Ал осы армандарымыз қайтсек орындалады екен? Осы сұраққа жауап іздеп көрдіңіз бе? Соңғы кездері ерекше танымалдыққа ие болып отырған визуализация тәсілі туралы естідіңіз бе? Яғни, елестету деген мағынаны білдіреді. Бұл дегеніміз сіз өзіңізге армандаған нәрсеңізге қол жеткізгендей сезініп, өз іс – әрекеттеріңізді көз алдыңызға елестету арқылы сол арманды өзіңізге жақындатасыз. Сонымен қатар тек жағымды ойлаңыз. Сонда сәттілік сізбен бірге болады. Адамдардың көбі ақыл-ойларын өздеріне қиындық әкелетін түрлі проблемалар мен түйткілді мәселелерге аударып, үнемі солар жайында ойлап жатады. Бұлай жасау сізге сол қиындықтан құтылуға көмектеспейді, керісінше, ақыл-ойыңыз арқылы қиындықта мәңгі қалуға жағдай жасайды. Қиындықты ойлап, содан неғұрлым құтылсам деп қашқан сайын, ол сізге желімдей жабыса түседі. Одан құтылу үшін – ол жайында ойламай, керісінше көңіліңізді көтеретін тек жағымды ойларға беріліңіз.