Мектеп туралы диалог.
- Аружан, осы екеуміз қанша уақыт көрші тұрып, бірге ойнап жүрсек те, сенің қай мектепте оқитынынды ешқашан сұрамаппын?
- Шынымен де, ойнап жүріп мән бермегенбіз ғой, сірә. Мен қаламыздағы № 8 қазақ гимназиясында білім аламын, ал сен ше, Асылай, қай мектепте оқисың?
- Мен үйіміздің қасындағы №21 орта мектепте оқимын. Гимназияда оқыған қиын емес пе? Қандай сабақ тереңдетіліп оқытылады?
- Жоқ, еш қиындығы жоқ, оқыған балаға, әрине. Тек сабақтарымыз орта мектеппен салыстырғанда сәл кешірек аяқталады. Біздің мектеп физика – математика бағыты бойынша тереңдетілген білім береді.
- Сонда аптасына неше рет физика немесе математика сабағы жүргізіледі?
- Күнделікті.
- Күнде математика оқыған қиын ғой... Біз екі рет оқығанда қиналып жүрсек...
- Жоқ, мүлдем қиын емес. Керісінше, өте қызықты. Себебі біз түрлі есептер шығарамыз, сабақты жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жүргізеді, ал физикадан түрлі тәжірибелер өткіземіз.
- Мен ешқашан сенің мектебінде болып көрмеппін, іші үлкен бе?
- Ия, мектебіміз биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Кабинеттердің іші толықтай жөнделіп, заман талабына сай техникамен қамтылған. Айтпақшы, келер аптаның дүйсенбі күнінен бастап 6 күн бойы мектебімізде «ашық есік» күндері өткізіледі, сонда келіп көруіне болады. Сонымен қатар біздің мектепте білім алғысы келетін оқушылар үшін арнайы емтихан ұйымдастырылады.
-Жақсы, көрсем, көрейін. Рахмет.
Өмір - дүние дегенін ағып жатқан су екен.Ол адам өзінің əр уақытын үнемдеу керек екенін айтылған. Адам тек бір рет өмірге келеді. Ол тек бір рет қана өмір сүреді.Ол соны дұрыс пайдалануы қажет деп ойлаймын. Менің ойымша адам өмірге бір іс істеу үшін дүниеге келеді. Сен өзіңнің өнеріңді дамытудың керек. Өз жақын алаңдарының қадірін білуі қажет деп ойлаймын. Сондықтанда мен "Өмір - дүние дегенін ағып жатқан су екен" осындай мағынаны береді. Бұл тек менің ойым.Ол адам тек бір рет қана өмірге келеді сондықтан да ол соны түсінуі керек уақытын дұрыс пайдалануы қажет деп ойлаймын.
Подробнее - на -