aryka2
06.10.2021 17:12

2 тапсырма. Берілген мәтін бойынша «Төрт сөйлем» әдісін қолданып тапсырманы орында.

1. Пікір.Оқыған мәтін бойынша өз пікірінді бір сөйлеммен жаз.

Менің ойымша,

2. Дәлел.Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Себебі,

3. Мысал.Пікірінді өмірмен байланыстырып,мысал келтір.

Мысалы,

4. Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Сол себепті, сондықтан

Текст-

Әлем қарыштап дамуда. Әрбір күн жаңалықка толы. Тың дүниелер, жаңа технологиялар мен

зерттеулер бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Біз ХХІ ғасырдың басты жаңалығы

деп білетін жаңа ақпараттық технологиялар әрбір секунд сайын қарқынды дамуда. ХХІ ғасыр -

бүгін ашқан жаңалығың, ойлап тапқан дүниең ертең-ақ ескіге айналатын заман.

‌Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік оның одан сайын дамуына, жаңа әрі

қолжетімді техника мен технология түрлерінің пайда болуына септігін тигізуде. Әлемді жаңа

технологияларымен басқарып отырған АҚШ пен Жапония, Оңтүстік Корея елдері технология

саласы қарқынды дамыған алпауыт мемлекеттердің көшін бастап тұр. Біз компьютер, гаджет,

робототехника, 3D, 4D, 5D құрылғыларының бәрі - сол шетелдік аса ірі технологиялық

компаниялардың жетістігі екендігін нақты айта аламыз. Яғни, шетел өндіреді - біздің еліміз

оны тұтынады. Оның себебін айтпасақ та белгілі болар. Дамушы мемлекет ретінде Қазақстан

әлемдік бәсекелестікке тойтарыс беруге талпынып келеді. Десе де, дәл осы жаңа

технологиялар саласы бізден әлі де болса барынша алға жылжуды талап етіп отыр. Әлемдік

деңгейге шығуға бізге біраз уақыт қажет.

Сол деңгейге жетуге қажетті дүниенің барлығы бізде бар. Білімді жастар да, сол білімді

тиімді пайдалануға арналған жағдай мен бағдарламалар да, мемлекеттік қолдау мен жобалар

да, түрлі идеялар да бар. Жастар заманның жаңа талаптарына тез бейімделулері қажет. Жаңа

технологияны дамыту маңызды, оны жүзеге асыру – жастардың мақсаты. Қазақ жастарына

заман ағымымен бірге жүруге, жаңа жағдайларға бейімделуге, кез келген жаңа дүниені оң

қабылдауға үйренісу қажет. Сонда біз әлемдік аренаға жаңа технологияларды ұсынуға,

бәсекелестікке қабілетті болуға қауқарлы боламыз.

. Заранее .

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Artemko1337
26.05.2023 05:03

«Алтынемел ұлттық саябағы» туралы диалог құрастыру.

Мейіржан: Қазақ тілінен тоқсандық бақылау жұмысына дайындығың қалай болып жатыр, достым?

Алмасбек: Шамам келгенше барынша жақсылар дайындалуға тырысып жатырмын. Өзіңнің дайынлығың қалай?

Мейіржан: Жақсы, соңғы сұрақтардың бірі қалды.

Алмасбек: Алтынемел ұлттық саябағы туралы хабарлама дайындау ма?

Мейіржан: Иә, дәл өзі.

Алмасбек: Мен де қазір сол сұрақтың жауабын іздеп, ғаламтор беттерінен ақпарат іздеп отырмын. Кел, бірге іздеп, бірге дайындалайық?

Мейіржан: Бірге дайындалсақ, тіпті жақсы!

Алмасбек: Сонымен, энциклопедиядағы ақпарат «Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы — Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ».

Мейіржан: Мұны есте сақтау керек, маңызды ақпарат қой. Қай жылы ашылған екен?

Алмасбек: 1996 жылы Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде құрылған екен.

Мейіржан: Жақсы.

Алмасбек: Саябақтың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қандай екен, қарап көрші, мұны жазып, есте сақтап алайық?

Мейіржан: Саябақтың өсімдіктер дүниесі өте бай. Бұл жерде жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, балықтың 20 түрі, құстардың 174 түрі, ал сүтқоектілердің 70 – тен астам түрі мекендейді екен.

Алмасбек: Жақсы. Бірге дайындалған тез, әрі оңай екен! Енді сұрақтарды бір қайталап шығайық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Мегамозг0511
30.08.2020 09:11

ответ:Сәлем,досым!(леп белгісінің қойылу себебі,бұл жерде автордың көңіл күйі көтеріңкі )

Қалын қалай?(сұрақ белгісінің қойылу себебі автор жауап алу мақсатында сұрақ қойып отыр)

Нүкте қойылған сөйлемдерде мән жағдайды айтып хабарлап жатқандықтан қойылған.

Рақмет!(леп белгісі қойылған себебі автор ризалығын,рақметтілігін білдіріп ,сөйлемде өзінің қуанышты көңіл күйін білдіртіп тұр)

Т.б

Объяснение:

Егерде сөйлем соңында (!)леп белгісі қойылса,онда бұл сөйлемде автордың көңіл күйі білдіргендігі,және ерекше екпінмен айтылуына байланысты болады.

Егерде сөйлем соңында (?)сұрақ белгісі кездессе,онда бұл сөйлемде автор бағытталған адамнан жауап алу мақсатында сұрақ қойып тұр дегені.

Ал (.)нүкте қойылса,онда бұл сөйлемде күнделікті,т.б. болып жатқан нәрселерді баяндап,хабарлап тұр деген сөз

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота