Лерокyug
14.01.2020 11:22

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сары даланың самал желі ғана емес, табиғатының өзі керемет. Мұнда тұңғиық көлдерді, асау өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары шөптерді, жазық даланы көруге болады. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.Таңғажайып табиғаты көңіліне бір реніш түсірмейді. Сонау Сарыарқадай сары даладан елін жаудан қорғаған, жұртына қорған болған батырларымыз да шыққан. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. (127 сөз)

1. Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі не?


2. Сарыарқа төрінен кімдер шыққан?


3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді?
А) Әке балаға сыншы
В) Әкеге қарап –ұл өсер,

Анаға қарап –қыз өсер

С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Туған жер - алтын бесік.

4. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
а. керемет
в. сазгер
с. еліне

5. Мәтін мазмұнын ретімен орналастырыңыз.

Оқиғалар

Реті

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған

Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің.

Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр.

Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.



2-тапсырма
Жазылым
Басқа елде тұратын досыңызға өзіңіз тұратын жерінді сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, еліміздің көрікті жерлері туралы. (70-90 сөз).​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Nadia3567
17.08.2022 16:46
Мен тəуелсіз елдің ұланымын! мен қазақстан республикасында дүниеге келдім.менің жерім -егеменді де,əрі байтақ ел. мен тəуелсіз елдің ұланымын туралы айта кетсем,біз өзіміздің елімізді сүюіміз қажет.себебі,ол сенің туған жерін! біздің президентіміз нұрсұлтан əбішұлы назарбаев атамыз айтқандай: қазақстанның болашағы қазақ тілінде дегендей,біз өзіміздің тілімізді ешқашан ұмытпауымыз қажет."тіл -басты байлық "деген дана қазақ халқым! қазақта: "туған жердің күні де,түні де ыстық "деген мақал бар.расында да əр ң өз туған жері бар.мен өз елімді мақтан тұтамын!
0,0(0 оценок)
Ответ:
Dogerman11
30.07.2021 01:31
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота