dimabolnygin
09.11.2022 01:42

Соч
казахский язык 3 класс 4 четверть ​


Соч казахский язык 3 класс 4 четверть ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
клубничка114
01.12.2021 22:29
Қыз жібек  "қыз жібек" әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі.  жырды ең алғаш зайсан уезінің (осы күнгі шығыс қазақстан облысы) бір белгісіз ақыны жазып алып, 1870 жылдар шамасында қазанда бастырған. бірақ бұл нұсқа біздің қолымызда жоқ. кейінде басылған нұсқасында мынадай сөздер ұшырайды:   басында менен жайылды,қисса болып бұл жібек,баспасына қарасам,бәрі шала сөзінің,еңіреп, жылап, жүр жүдеп,қисынсыз болған сөздері,жыламақ түгіл, күлмеймін, -  дейді.  жырдың осы нұсқасы 1876, 1905, 1909, 1911 жылдары қазанда хұсаиновтар баспасында бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы осы нұсқаны қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы әбубәкір диваев ташкентте бастырды. одан кейін 1933 жылы қызылордада, 1939 жылы алматыда "батырлар жыры" жинағына қоса басылды.  жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. мөлшермен айтқанда, "қыз жібек" әңгімесі xvii ғасырда туғанға ұқсайды. жырда жағалбайлы елінің қонысы қара теңіз жағасы деп келеді. мұнысы каспий (атырау) теңізі болуы керек. сол кездегі шектілердің қонысы ақжайық болған. бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. қазақ даласы патшалық россияға қарағанғa шейін жағалбайлы елі ақжайық бойын мекен еткен. осы кезде де жаманқала (орскі), магнитогорск маңында жағалбайлы жұрты аз емес.  жібек әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі - қалмақтардың ақжайық бойын жайлаған шекті елін жаулап алуы. жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килігеді. жайық бойындағы аз ру шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем болуы рас.  жыр геройының бірі - төлеген. төлегеннің өмірін сипаттағанда ақын оның туған күнінен бастап, өлген күніне дейінгі ісін суреттейді. мұнысы жырдың эпос жанрына толық ұқсайтындығын көрсетеді. соның ішіндегі ең басты сарын төлегеннің еркін махаббат, азаттық іздеген талабы болып отырады.  жайыққа алғашқы аттанған сапарында артынан жылап келіп, "барма, қал" деп тілек еткен анасы қамқаға төлеген:   бір сұлу алмай, шешеке-ау,сірә да көңілім тынар ма.талап қылған ісіненат басын ерлер бұрар ма, -  деп, торықтыра жауап береді. қыз жібекке екінші рет жүретін жолында ол артынан жылап келген інісі сансызбайға:   батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа, -  деп, батырлық пен байлықты мұрат етпей, көбіне сол асыл жар сүюді арман етеді.  төлегеннің осы сипатын әсірелеп көрсету үшін ақын түрліше композициялық әдіс қолданады. қыз жібектің көшін қуғанда төлегеннің ғашық жарын көруге асыққан көңілін жыршы оның атының шабуынан байқатады:   жер тарпынып жануар,ауыздықты басады.алдындағы белестенорғытып кеп асады.  бірақ ор қояндай секіріп, ұшқан құспен жарысып келе жатқан көк жорға аттың жойқын шабысы да төлегенге текірек сияқтанып көрінеді.  төлегеннің көш қуған жері - ғашық жүрегінде жанған үміттің аса бір жарқын, бақытты, зейнетті кезеңі.  төлегеннің сүйіспеншілік талабына бөгет болған төрт түрлі қара күш кедергі бар. бірінші бөгет шөлстан - алыс жол; екінші бөгет - ата-ананың теріс батасы, тағдырдың теріс қарауы; үшінші бөгет - көмексіздік, жалғыздық; төртінші бөгет - бекежанның жауыздығы.жырда қаратеңіз жағасын жайлаған жағалбайлы елі мен жайық бойын жайлаған шекті елінің арасы жүз күншілік шөл жазира, құс қонбас құла дүз болып сипатталады. сол шөлстанның ең бір жексұрын ұры қарақшы мекен еткен жері - қособа. төлегеннің ең рақымсыз, тілсіз жауының бірі - осы қособа. мұндай табиғат бөгеті қозы мен баянның да түбіне жетеді. мұның үлкен жұмбағы бар.  бұрынғы ғашықтардың қай-қайсысын алсақ та, олардың мақсатына жетуі жолында тұрған бөгеттің бір саласы жауыздығына байланысты болса, екінші бір саласы табиғат бөгетіне байланысты айтылады. табиғат бөгетіне жататын нәрселер - аждаһа, жын, сиқыр, өзен, теңіз, алыс жол.  "
0,0(0 оценок)
Ответ:
Zeinalovag
15.06.2020 19:29

Барша ұлттың мәдениетін, салт - дәстүрін құрметтеу - біздің міндетіміз.

"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бұл әрбір халықтың мәдениеті мен өркениетін, салт - дәстүрін құрметтегеннен деп ойлаймын.

Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.

Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін. Сондықтан "Ынтымақ түбі — игілік" дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!

Объяснение:

.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота