MrTarelo4ka
23.04.2023 03:36

Табиғат-ғажап әлем Ана құрсағынан шыр еткен сәби жарық әлемге келісімен көрікке тұнып тұрған тартымды ағаштарды, мөлдір таза тұнық тұрған қарқынды бұлақтарды, болмағанда ағып жатқан бұлақтың сыбдырын, айналада болып жатқан жұмыстың сыңғырын, құстардың бұлбұлдай әсем үнін, әлемнің нұр сыйлаған жарық күнін естіп-көріп ерекше ерендей күйге түседі, бұл күй – табиғат күйі.Табиғат – жаратылыстың ғажап туындысы.. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"-демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Қорыта айтқанда,табиғат-жерді жеті айналса да табылмайтын ,жеті кереметте жетпейтін Алланың адамзатқа сыйлаған асыл қазынасы,баға жетпес байлығы.

      1.Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, 4-5 сөйлем  арқылы дамытып, жазыңыз ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
345153
23.02.2023 09:45

Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Жойылып кету қаупі бар жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін қорғау конвенциясы – сирек кездесетін жабайы жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы халықаралық келісім. Конвенцияның негізгі шарттары: жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігін сақтау; олардың кейбір түрлері (әсіресе, сирек кездесетін түрлері) сатылған жағдайда халықаралық деңгейде қабылданған талаптардың орындалуына мемлекет тарапынан қатаң бақылау жасау; сирек кездесетін не жойылып бара жатқан эндемик және реликт түрлер мен түр тармақтарын халықаралық табиғат қорғау одағының және конвенцияға қол қойған мемлекеттердің “Қызыл кітабына” енгізіп, қорғау. Конвенция 1973 ж. 3 наурызда Вашингтон қаласында (АҚШ) қабылданды. Қазақстан бұл конвенцияға 1999 ж. 6 сәуірде қол қойды. Конвенцияның 9-шы бабына сәйкес Қазақстан тарапынан әкімшілік мекемесі болып Қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгіленген, ал ғылыми жауапты мекеме болып Білім және ғылым минситрлігінің Зоология институты бекітілді. Аталған мекемелер республикамыздағы саны азайып, жойылып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен халықаралық сауда-саттық жүргізу шараларын бақылап, олардың халықаралық конвенцияның негізгі шарттарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Абдешова98
23.02.2023 09:45

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай  байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота