Наурыз — қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 3-ші келетін март[1] айына сай қазақша атауы.
Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық және наурызкөже жасау мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз жырын айтып, наурыз тойын өткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қүрылған Кеңес өкіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды. Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», - деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, кектем мерекесі екенін ашық жазады да, «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөздің өз заманында алғашқы мәнін өзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла бастағанын ескертеді.
1)советский и казахстанский археолог, один из основателей национальной школы, совершивший находку «Золотого человека»
2)казахский учёный, археолог, востоковед, историк, литературовед, искусствовед
3)Хасан Алпысбаевич Алпысбаев — советский казахский историк, археолог
1)Хасан Алпысбайұлы Алпысбаев - кеңестік қазақ тарихшысы, археолог
2)Қазақ ғалымы, археолог, шығыстанушы, тарихшы, әдебиеттанушы, өнертанушы
3)Кеңестік және қазақстандық археолог, «Алтын адамды» тапқан ұлттық мектеп негізін қалаушылардың бірі