megamaximvax
02.03.2023 03:03

Магнитке сипаттау бер
ТжБ ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
maria2005dp
10.10.2020 00:16

Қазтуған жырау ноғайдың Едисанордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшыларының алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас мырзасын босатуды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске қабардин кінәзі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі хабарлайтынын айтып, қалмақ делегациясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Қобанға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Қобанның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Sophie9649
14.06.2021 03:33

ответ:Дене мәдениеті дене табиғатын тәрбиелеудің нәтижесі. Бұл адамдардың дене дамуын қалыптастырып оны пайдаланудағы материалдық және рухани байлық. «Дене шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға сияқты, «мәдениет» деген түсінікке жататыны туралы талай айтылып жүр. Енді, оны басқа сөзбен айтқанда — дене шынықтыру адамзат мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы жұмыс тәртібі деп ұғынуға болады. Немесе оны былай да түсіндіруге болады: тиісті ұйымдардың тарапынан берілген тапсырма немесе жүктеме есебіндегі адамдардың берілген талаптарды орындауы. Мысалы, мемлекеттік бағдарламада көрсетілген «Дене шьшықтыру» сабағына қатысуы. «Дене мәдениеті» түсінігін «Мәдениет» түсінігіне жалпы жатқызуға болады, себебі, дене мәдениеті мәдениеттің бір бөлігіне жатады. «Дене мәдениеті дегеніміз адам өз дене күшін, құрылысын, жаттыгулар кешенін істеу арқылы өзгертуге арналган үдерісті айтуга болады. Бұл деген адамдардың дене қимылын жетілдіруге арналган материалдъщ, рухани байлықтың кешені болып табылады». Ал мектептегі дене мәдениеті дегеніміз — материалдық рухани бағыттың қосындысы ретінде мектепте қогамның күшімен балалардың дене даярлығын ұштайтын пән ретінде болады.

Балалар дене даярлығының кұндылығын тек мектеп мүғалімдері, жаттықтырушылар ғана емес, қоғам да өз күшін салу керек.

Дене мәдениеті педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, дене тәрбиесі дене мәдениетінің негізгі саласы болып табылатыны туралы жоғарыда айтылған. Педагогикада адамның саяси әлеуметтік құқықты эстетикалық жағынан қоғамға лайықты болуына жауап беретін мүмкіндіктердің дамуына бағытталған мақсатты тәрбие деп атайды. Дене тәрбиесі – адамның физиологиялық жағынан дамуын қалыптастыратын педагогикалық жүйе. Мұнымен қоса, ол осы саладағы кәсіптік бағытты анықтайды, білім негізін құрайды. Әр түрлі деңгей мен түрлерде дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыдан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда маңызы зор екенін атап өткен дүрыс.

Балалар дене тәрбиесі жеткіншектің дене дамытуының педагогикалық жүйесі. Мектептегі дене тәрбиесі мектеп аясында ғана жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ал балалардың дене тәрбиесі мектепте және мектептен тыс та атқарыла береді. Осыған байланысты, дене шынықтыру мүғалімдерінің шығармашылық тұрғыдағы біліктілік деңгейі де аталмыш жұмыстарды орындауға өз септіктерін тигізеді. Балалар тәрбиесі мектеп үжымы үшін жалпы міндет болғандықтан, басқа да тан мүғалімдері мектеп экімшілігімен қоса жоспарланған іс-шараларды бір кісідей атқаруы — алға қойған мақсаттарға жетелейді және оның орындалуын қадағалайды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота