І нұсқа 1. Мектепте 900 оқушы оқиды. Оқушылардың 75 % туристтік саяхатқа барды. Туристердің 40% удар екені белгілі болса, онда туристік саяхатта болған ұл мен қыз санын табыңыз?
Арыстандай айбаттым, Жолбарыстай қайраттым, Аспандаған байрақтым, Қанша жұлдыз жайнаттың, Қанша бұлбұл сайраттың, Қазақстан, ардақтым! Тұлпарыңның шабысын, Домбыраңның қағысын, Күңіренткен тау ішін, Дарияңның ағысын «Сүйем!» десем - бәрі шын, Қазақстан - намысым! Әрбір тасы - киелім, Әр уығы - жүйелім, Ән кернеген жүрегін, Күй кернеген тиегін, Сары алтыннан сүйегің, Қазақстан - жыр елім! Шаңырағың - шырағым Топырағың - тұмарым, Ғаламда жоқ сыңарың, Ғажайыбым, жұмағым, Басы таза бұлағым, Басылмайтын құмарым!