Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз. Бір күні Қожанасыр бақшада жұмыс істейді. Түс мезгілі болатын. Қожанасыр түскі астан кейін ағаштың астында демалады. Ағашта өсіп тұрған өрік пен жердегі асқабақты көріп: «Осы табиғатқа таң қаламын. Өрік ағашы өте үлкен. Бұтақтары, жапырақтары өте мықты. Бірақ жемісі өте кішкентай әрі жұмсақ. Асқабақтың сабағы мен жапырағы өте әлсіз. Ал жемісі өте үлкен әрі қатты. Бұл дұрыс емес. Өйткені өрік пен асқабақтың жемісі ауысып кеткен», - деп ойланады. Дәл сол кезде басына өрік келіп түседі. Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді: «Осыдан былай табиғатқа тіл тигізбеймін. Табиғаттағы барлық нәрсе өз орнында. Егер өріктің орнында асқабақ болса, мен тірі қалмайтын едім».
Шынында да табиғатта үлкен тепе-теңдік бар. Әрқайсысының өз орны бар. Әрбір нәрсе өте керемет жасалған. Және бұл табиғат заңына бағындырылған. Бұның бәрі тегіннен-тегін емес.
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.
№
Сұрақ
Жауап
1
Оқиға жылдың қай мезгілінде болған?
2
Бұл көрініс қайда болған?
3
Кейіпкер қай жерде тынығады?
4
Қожанасырдың басына асқабақ түссе неге тірі қалмас еді?
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку