
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O
Объяснение:
Біліміңді тексер
1. Аграрлық төңкерістің өнеркәсіп төңкерісінен ерекшелігі неде?
2. Англиядағы өнеркәсіптік төңкерістің алғышарттарын ата.
3. Өнеркәсіп төңкерісінің дамуы қандай салаларды қамтыды?
4. Қандай жағдайлар жұмысшылар ортасында наразылық тудырды?
5. Капитализмнің мануфактуралық даму сатысынан фабрикалық даму сатысына
өтудің барлық алғышарттарын атап көр.
6. Неге ХІХ ғасыр тарихқа «мәшине» ғасыры, «темір» ғасыры ретінде кірді?
7. Аристократияның буржуазиямен қосылуына, «жаңа» таптың қалыптасуына
қандай жағдайлар себеп болды?
8. XIX ғасырдың екінші жартысында «орта таптың» қоғамдағы рөлі қандай
болды?
9. Буржуазия қандай қасиеттерімен ерекшеленді?