1lilita
02.09.2020 11:12

Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз А) Мәңгілік ел 1) Стратегия мақсатына жетуге шақырады.
В) Президент 2) Басты құндылықтар жасалды.
С) 22 жылда 3) ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.

Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты

мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.

Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз ! Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Бірінші - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екінші - бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшінші - зайырлы қоғам.

Төртінші - экономикалық өсім.

Бесінші - жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншы - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетінші - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық , ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлығыңызды белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, стратегия жастарымызға арналады.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
070974zZ
09.04.2022 05:36
Менің сүйікті тағамым -бешбармақ.Бешбармақ -қазақ халқының ұлттық тағамы.Бешбармақ -пісірілген ет.Бешбармақты жылқының,сиырдың,қойдың етінен әзірлейді.Етті пісіреді,сосын қамырдан жайма жайып пісіріп табаққа салып жайманың үстіне пісірілген етті салады.Бешбармақ өте дәмді тағам.Бешбармақты сыйлы қонақтарға ,әрбір мерекелерге әзірлейді.Біз қонақ шақырғанда ,мерекелерде бешбармақ тағамын дайындаймыз. Бешбармақ -қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең кұрметті тағам.Ежелгі қазақ халқы бұл тағамды бес саусағымен жеген.Сондықтан бұл тағамды ,,бешбармақ ,, деп атап кеткен.
0,0(0 оценок)
Ответ:
МариКэт1
09.04.2022 05:36

Менің сүйікті тағамым

«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.  

Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.  

Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.  

Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота