tyt9997
20.01.2021 23:48

Мәтінді оқу.(прочитайте текст устно) «Қазақ солдаты» романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтіңтұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.
Кейіпкерлер:

Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев. Ол 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.

Шеген – дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.

Бораш - өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.

2-тапсырма.

Сұраққа жауап жаз(письменно ответь на вопросы)

1.Қайрош кім? Ол қандай адам?

2.Шеген кім? Ол қандай адам?

3.Бораш кім? Ол қандай адам?

4.Қайрош қай жылы соғысқа қатысты?


Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
aram0071
17.03.2022 00:21

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.

Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
azarovandrey123
27.10.2022 21:12
ответ:Отбасы – сенің туғандарың,ең жақын жандарың.Отбасыда қанша адам бары маңызды емес.Маңыздысы отбасы ішіндегі қарым-қатынасы."Отбасының өнегесі – Отан өнегесі" демекші,отбасындағы тәрбие ертең ел болашағында үлкен рөл атқарады.Сондықтан да,отбасының бақытты болуы аса маңызды.Осы кезде "бақытты отбасы қандай болуы керек?" деген сұрақ туындайды.

Бақытты отбасында,ең алдымен,түсіністік пен сыйластық болуы керек.Отбасындағы адамдар бір-бірімен түсініспесе жанжалдар тууы мүмкін.

Екіншіден,әрине,отбасы мүшелері бір-біріне қол ұшын созуға,қолдауға дайын болуы қажет.Бала сабақ оқудан қиналса,барынша көмектес,түсіндір.Ана жұмыстан шаршап келіп,үй шаруасына кірісіп жатса,оған да қол ұшын соз.Және отбасы мүшесі алысқа кетсе,хабарлап,жағдайын сұрасып тұру керек.

Үшіншіден,отбасында үндестік орнаса,ол отбасы бақытты саналмақ.Яғни,жағдайлары жақсы болса және жоғарыда аталып кеткендей қағидалардың бәрі сақталып,үндессе отбасы нағыз бақытты отбасы болады деп білемін.

Объяснение:
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота