
Менің Отаным Қазақстан.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен Қазақ Республикасының азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Біздің қазақ халқы кең пейіл әрі қонақжай екені баршаға мәлім.
Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, Ата заңымызда жазылғандай демократиялық, зайырлы мемлекет. Ата заңымызды құрметтеу - әрбір Қазақстан азаматының парызы деп білемін.
Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, осы елдің азаматы болу - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отан қорғау саласына бар күш - жігерімді арнағым келеді.
Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміздің аспаны ашық болсын!
Асқар Жұмаділдаев — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ның Ұлттық Ғылым академиясының академигі. Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы 25 ақпанда
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген. Ол Алматыдағы дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика мектебін бітіреді. Содан кейін Мәскеудегі М. В. Ломоносов атындағы университеттің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Қазақ мектебін бітірген балаға орыс тілі сынағынан өту қиын болады. Орыс тілінен жақсы баға алмаса да, қабылдау комиссиясы оның математикадан ерекше қабілетін бағалап, аппеляциядан өткізуді ұсынады. Асқар талмай ізденіп жүріп, үшінші курста ғылыми жұмыс жазады. Бұл еңбегі үшін Петровский сыйлығымен марапатталады. Одан кейін Лениндік стипендияға ие болады. Мәскеу мемлекеттік университетін үздік аяқтап, одан кейін аспирантурасын бітіреді. Отыз екі жасында атақты В. А. Стеклов атындағы Математика институтында докторлық диссертациясын сәтті қорғайды. Ғалым 80-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
Асқар Жұмаділдаев—қазақ елінен көптеген шетел университеттеріне дәріс оқуға, ғылыми еңбектер жасауға алғаш шақырылғандардың бірі. Ол 1995 жылдан бастап он жылдай Еуропада қызмет істеді. Гамбург, Мюнхен, Бильфельд, Киото, Оксфорд, Стокгольм университеттерінде профессор болды. Ғалым математика ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасы мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеді. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеді. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты.
Ғалым ғылымға қосқан орасан еңбегінің арқасында 1981жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты, 1988 жылы физика-математика ғылымдарының докторы, 1990 жылы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, 1995 жылы ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, 2004 жылы ҚР ҰҒА-ның академигі атақтарына ие болды. Асқар Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Бильфельд университеттерінің профессоры атанды. 1986-2001 жылдары Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында , Италиядағы А. Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Лефлер атындағы Математика институтында, Канададағы Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, дәрістер оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған.
Ғалымның ғылымдағы бұл еңбектері жастарға үлгі.
это токо текст