ivankornev00
23.02.2022 20:58

2. Қолданылған тілдік құралдарды белгілеңіз . Екі дұрыс жауапты табыңыз.
А мәтіні: мақаладан үзінді
Тарих пен уақыт безбеніне салынған бұл
соғыс бүгінге дейін Ұлы Отан соғысы деген
атауға ие. Соғыс 1941 жылдың 22
маусымында басталып, 1945 жылдың 9
мамырында аяқталды. Қазақстаннан 1,5
миллионға жуық азамат майданға аттанды.
Оның тең жарымы Отанына оралмады. Елдің
500-ден астам азаматы Кеңес ОдағыныңБатыры атағына ие болды. Жаһандық
қантөгісте қазақтың үлесі қандай деген
сауалдың жауабы да дайын! Соғыс басталған
сәтте қойша қырылды.
Кеңес әскер басыларының ақылының
жеткені – қазақтарды атқа мінгізіп, ауыр
танкіге қарсы шаптырды! Баудай түсті,
қырылып қалды. Машукова, Ржев, Смолен
секілді шайқастарда, қаншама боздақ
сұраусыз кетті, құрбан болды. Бірақ, қазақ
соған қарамастан, жанын аямай, Отаны үшін,
өркениеті мен болашағы үшін шайқасты.
Бауыржан, Әлия мен Мәншүк, Талғат,
Рахымжан, Қасым. Толып жатқан ұлт
мақтаныштарының есімдері Ұлы Отан
соғысының тарихында алтын әріптермен
жазылды. БүгінТәуелсіздік туы желбіреп
тұрғанда, Сіздер халқымыздың осындай
батыр ұл-қыздарының ерлігін паш етіп,
қайсарлығын насихаттауға тиіссіздер!
«Егемен Қазақстан» газеті

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Анастасия126783
18.04.2022 02:27
Менің отбасым.
Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.

Ас адамның арқауы.
Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Yorfound
24.04.2023 21:34
Ақтау қаласында ЖАҢА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.

С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.

Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.

Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан  бір топ азаматтарды марапаттады.

Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі. 

Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота