oksanapolio
17.10.2020 08:39

Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде ХХ ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиялғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. Қазақ ғылыми фантастикасы, басқа да әдеби жанрлар тәріздес, әуелi жұртшылықты ғылым негіздерімен етене танысуға шақыруға түрткі болуы тиіс. Ол үшін жаңашыл үн керек еді. Қазақ ғылыми фантастикасы ондай ғылым насихаткерiн де тапты. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлы еді. Өзінің нақтылы тақырыбы жоқ, алғашқы жолы: «Мен адамның таппаймын өнерлісін...>> деген өлеңінде «...Іш жарып, ішек жалғап, сүйек қиып, Жамайды ерін, мұрын, түскен тiсiн. Аэроплан, телефон, громофон, электр, радий мен магнит ісін..." - дейді. Бір қараған көзге осы жерде ақын Шәкәрім ғылым мен техниканың өткен ғасырымыздың елең алаңындағы су жаңа жетістіктерінің, өзіне салса, танымгері. Оқырманға салса - өлең тілімен жырлаған тәлімгер міндетін атқарып тұрған секілді. Иә, «секілді» емес, шынында да солай...

Тағы бір жағынан алып қарасақ:

Осыншама өнер тауып, асқан адам,
Әлемнің қиын сырын ашқан адам.
Ол үшін өмірге де айла табар,
Өлмей, жетер бірталай жасқа да адам!..

Керемет! Бұл дегеніңіз – кәдімгі кісі ағзасының белсенділігін мейлінше ұзарта тусу амалын қарастыратын медицина саласы - геронтология ғой.

Шәкәрім “кісі мәңгілік жасауы тиіс” демейді. Тек қана "өлмей, жетер бірталай жасқа да" дейді. Мұның өзінде де автордың өз заманынан едәуір озушылығы бар. Өйткені: Шәкәрім осы туындысын жазған тұстары қазақ ауылындағы, санақ көрсеткіштеріне жүгінсек, өмір ұзақтығы алпысты ғана алқымдаса керек. Демек, мына екі жол – ақынның ертедегі бір замандағы, Қорқыт атаның аңсауының рухани жалғасы тәрізді, арманы десе де, қия десе де болады.

Яки, Шәкәрім ішінде қисынды қиял элементтері ұшырасатын ғылыми фантастикалық дүние берді деуге болады.

мәтін бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастырыңыз
помагит​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
pinashinaanna27
03.06.2021 21:37

Қымыз туралы.

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас – адамның арқауы», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» - деп халық тегін айтпаған. Ұлт тағамдарының негізі – сүт тағамдары. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүт тағамдарының қоректік қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы ғой!

Япырмау, ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды! Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.

Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттан піседі, жаңа сүтпен қорды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа (оттегі, азон, т.б.) көп сіңеді. Беу, қымыз бір тәулікте ашуы жетіп, сапыруға жарап қалады!

Қымыз тәрізді табиғи құдіретті сусынмен былай да емдейді: қымызды алғашқыда тәулігіне 6 рет 100 грамнан (қатты науқасқа 50 гр.), кейін 250 грамға дейін береді де, ағза қымыз ішуге үйренген соң оның мөлшерін 2-3 литрге дейін көбейтеді. Қымызды тамақтың алдында 1-1,5 сағат бұрын ішеді. Жатар алдында ішпейді. Жоғарыдағы ем сырқатпен әлсіреген, жүдеген, қаны азайған, туберкулезге шалдыққандарға шипалы.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Kamilkamilka222
15.04.2023 03:15
Әр ұлттың ұлттық киімдері бар. Қазіргі уақытта ол киімдер ұмыт болып бара жатыр. Мысалы: қазақ халқының ұлттық киімі: кимешек- бұл әжелер мен аналардың бас киімі, сәукеле- ұзатылатын қыздардың бас киімі, бешпент- бұл жеңіл сыртқы киім.  Бұл киімдер өте әдемі. Сол сияқты әшекей бұйымдар болған, оны зергерлер жасайтын. Әдемі алқа- мойынға тағатын, сақина- саусаққа тағатын, сырға құлаққа тағатын, білезік- білекке тағыларды. Бұл әшекейлердің бәрін әр зергер өз өнерін салып, дайындайды. Менің әжемде осылардың бәрі бар. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота