linaangel20012
24.11.2022 17:40

1 тап Прописка" әңгімесіндегі табиғат көрінісін 2-3 сөйлееммен сипаттап жазыңыз

2 тап
Р.Ғамзатовтың "Ана тілі" өлеңіндегі "Егер тілім ертең болса құрымақ,Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ" деген жыр жолдарынан автордың қандай сипаты көрінеді? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен жазыңыз ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
мне16
27.03.2022 04:07

Қысқа ғана ғұмырында артына өлшеусіз мұра қалдырған, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың саналы ғұмыры білім алуға деген ұмтылыспен, талаптанып ізденумен өткен. Елінің келешегі өнер мен білімде деп білген ақынның мақсаты оқу оқып адам болу, туған халқына пайдасын тигізіп, жарық күні болу, надандықпен күресіп, еліне білімнің сәулесін шашу болатын. Сондықтан да ақынның мұндай тақырыптағы өлеңдері өткір, өр рухты болып келеді. Ізденіс, ұмтылыс сарынындағы «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінде ақынның лирикалық кейіпкері жалынды сөздерімен өжет мінез көрсетеді. Бұл өлеңдегі лирикалық кейіпкер – ақынның өзі. Өлеңде адам болу, толыққанды азамат болу мақсатын, ақындық ұстанымын танытады. Танытып қана қоймай, өзіне-өзі серт береді. Надандықпен ая күреске түсіп, жарығы көмескі жұлдыз емес, сәулелі толған айдай болу мақсатын білдіреді. Бұл оның өміріндегі басты мақсаты болатын. Ал оның кілті – білімде деп ұғатын ақын, осы сертте орындамай, «елдің бетін көрмен» деп өзіне қатал үкім де шығарады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Malvina1903
13.10.2020 14:42

Домбыра-қазақ еліміздің аспаптарының ішіндегі халқымызға ең көп тараған аспаптарының бірі болып табылады. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы. Домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген.

Домбыра – халық даналығының туындысы. Еліміз егемендік алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері ұлтты айқындайтын негізгі белгілердің бірі – ана тілі мәселесімен қоса, ұлттық өнерге де біраз көңіл бөлінген секілді.

Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлеке­тіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күн­нің кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі.

Музыка өнерінің мақсаты – өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазы­наларымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әлемдік эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген көзқарасты қа­лыптастыру.

Өнерге тәрбиелеуде музыкалық шы­ғар­маларды тыңдату арқылы балалардың ер­кін қиялына қанат бітіріп, өзіндік шы­ғармашылық әрекет жасауына ықпал етіп, оның қызығушылық ынта-жігерін арттыруына жағдай тудырып, жетелеп отыру қа­жет. Дүниежүзіне Тәуелсіздігімізді паш ете­тін тіліміз бен өнеріміздің, оның ішінде қасиетті домбырамыздың мәртебесін көте­ру, тереңірек зерттеу – бүгінгі ұрпақ міндеті.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота