хорошист549
02.02.2023 13:31

1. Мәтінді оқып, оның қандай стильде жазылғанын анықтаңыз және ерекше сөз қолданыстарынан мысалдар келтіріңіз. [10]
Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес. ХІХ–ХХ ғасырларда а ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған а ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды.
Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым салалары уақыт озған сайын а ң игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда. Осыған қарап ғылым мен технология а ң игілігі үшін екендігін пайымдаймыз. Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.
Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.
Дайте ответ

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
валенок123
17.10.2021 17:46

Аяз би - қазақ ертегісі.

Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.

Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
котейка52
17.10.2021 17:46

Ұзын Ертісті көргенде:

Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас, сиырдың мүйізі, кеуірдің құлағы шығып тұрған жер екен. Күнінде баласы кеуірден жылайды-ау! – депті.

Шыңғыс тауын, Семей тауларын көргенде:

Мына шіркіннің топырағы құтырған екен. Оған шыққан шөп құтырады, оны жеп семірген мал құтырады, оның етін жеп, сүтін ішкен адам құтырады. Қан үзілмейтін, кісі өлтіру, ұрыс-төбелес көп болатұғын жер екен! – депті.

Түндік өзенін көргенде:

Он екі қазылық ой, Түндік; маңырап жатқан қой, Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен! – деп, тастап кетуге қимай, үш қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған.

Қызылтау деген жерге келгенде:

Тауы-тасы кеш болғанда, ыңыранып жатады екен, тоқтысы қысыр қалмайтұғын жер екен! – депті.

Баянаула тауын көргенде:

Ат ерін алуға жарамайтұғын жер екен, шіркінді жұрт қалай қоныс қылып отырған? Бір көрген кісі: «Кәпір-ай, сені желкемнің шұқыры көрсін!» — дейді екен. Бауырында бір қара тиген тұзы бар екен, тұзы ауыр екен. Бір күн түнеп кетемін деген бір жұма тоқтап қалады екен, тұзы жібермейді екен!

Ащы бойына келгенде, артына қарап:

А, Баянаула, сенің қоныс болып тұрғаның мынау Ащының арқасы екен! Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен, сонысы бір жылға татиды екен. Олай болмағанда, Баянаула қоныс болуға жарамайтұғын жер екен дейді, — депті.

Бөкенбай деген жерді көргенде:

Ана Баянаула тауынан мына Бөкенбайдың қырық кез биіктігі бар екен! – депті. Осы күні жұрт Бөкенбайдың басына аң қуалап, атпен шығып жүреді. «Аспанмен тілдескен Баянауладан қалай биік болады?» деп, жер өлшеп жүрген землемерлерден сұрағанда:

Рас айтқан екен! – десті.

Шідерті деген өзенді көрген кезде:

Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен! Бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтұғын жылқының қонысы екен! – депті.

Объяснение: ұзақ болса. Әр жерден бір сөйлемнен жаз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота