Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысындағы Сарықопа болысында (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) дүниеге келген. Әкесі — Дулат аты шыққан шебер, ал анасы — Дәмеш әншілікке бейім болған. Міржақып екі жаста анасынан айырылды. Әкесі балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, одан кейін орысша оқытып, заң қызметіне бағыттады. Осы жолмен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді.
Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасында оқыды. Бірақ екі жылдан кейін басқа мектепке ауысып кетті. Ол жайында өзі де жазған.
Ғасырлар шежіресінен сыр шерткен көне шаһар – Тараздың ескерткіштер қатары тағы бір тарихи орын – аспанасты музейімен толықпақ.
Жыл басында облыс әкімі К. Көкірекбаев еліміздің бірқатар тарихшылары мен археологтарының басын қосып, кеңес құрған еді. Онда осы орында, ондаған қат жер астында жатқан I-XIX ғасырлардағы ежелгі Тараз қалашығының қазба жұмыстарын қайткенде жүйелі жүргізу мәселесі қаралған болатын. Нәтижесінде, миллиондаған қаржы бөлініп, төрт мердігер компания қазба жұмыстарына кірісіп кетті.
Бүгінде біршама шаруа тиянақталып, аршылған жәдігерлер уақытша сақтауға алынған. Бұл жайында облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев бастаған бір топ археологтардың облыс журналистерімен өткізген ба өз мәслихатында айтылды.
– Қазба жұмыстары жүргізіле бастағаннан бері қала халқының аталған орынға ерекше қызығушылығын байқадым. Тұрғындардың туған жердің тарихына бей-жай қарамай, ерекше ілтипат танытуы мені таңқалдырды және қатты қуантты. Еліміздегі айтулы оқиға «ЭКСПО-2017» қарсаңында ежелгі қаламызда аспанасты музейі ашылып, мерейімізді бір асқақтатса деген ойымыз бар. Әзірге, қала халқы мен қонақтары бұл орыннан табылған 300-ге жуық жәдігерді облыстық тарихи-өлкетану музейінен тамашалай алады, – дейді мәслихатқа қатысқан «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Елеуов.
Тараздың бойтұмарына айналған тарихи ескерткіштердің қатары шын мәнінде құнды, халық құрмет тұтатын орынмен толығып жатса ол біз үшін үлкен олжа.