Объяснение:
Тіршілік заңдылығы бойынша, жарық дүниеге келген әрбір адам өмірге өз парызымен келеді. Ол өмір сүру, шама-шарқынша қоғам дамуына ықпал ету, генетикалық тұрғыдан адамзат қоғамының тектік қорына үлес қосу. Мақала кейіпкері, менің әжем Мәриамкүл Болатайқызы бір әулеттің ынтымақ-бірлігін уысында ұстаған, ауылдың ырыс-берекесіне мұрындық болған, балаларын ел азаматы деңгейіне жеткізіп, өрелі немере-шөбере, шөпшек өрбіткен асыл ана. Аналық парызы өз алдына, әке орнына әке бола білген «тәубесінен жаңылмай, тәуекелінен тайынбай» бір әулеттің көшін өрге тартқан қажырлы жан. Мәриамкүл әжемнің жеті баласынан тараған ұрпақтары бұл күнде қара ормандай қалың бір қауым елге айналған.
«Көзден кетсе, көңілден болады ұмыт» дегендей, толассыз тіршілік күйбеңімен уақыттың зулап өткенін байқамай да қаласың. Дегенмен, көңілде мықтап сақталатын аяулы жандар да бар екенін мойындау керек. Сондай жандардың бірі – менің әжем Мәриамкүл Болатай қажы қызы. Әжемізді бүкіл әулет, тұтастай ауыл, әкеміз де «апа» деп атаушы еді. Жарқын жүзінен шуақ шашылған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған апам марқұм ақ батасымен, шын пейілімен ұрпағының тілеуін тілеп, айналасын мейіріммен нұрландырып отыратын. Арайлап атқан таңмен жарыса тұрып, Алладан ұрпағының амандығын тілеп, ырызғысын сұрап жалбарынатын, күндіз дастарқанға берген ықыласында да алақан жайып Алладан ұрпағының амандығын, несібесін тілеп, жатарда да осы тілегін қайталап айтып, мінәжат етіп жүретін.
Әжем – табиғатынан жан дүниесі мен келбеті үйлесім тапқан ажарлы, бітімі бөлек, ойы зерек, талғамы терең зиялы жан еді. Табиғат заңдылығы бойынша күллі тіршілік иесі ұрпақ өрбіту, оны баулып өсіру, тәрбие беру тәсілдерін тектік деңгейде жадында ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз ететіні белгілі жайт. Тек арқылы берілген тәрбие адам дамуының өзекті мәселесі, басқа тәрбиелердің ықпалын қабылдау тектілік тегеуріне тікелей байланысты. Тектілік ұялаған әулетте бойжеткен апам жеті атасынан қаракөк үзілмеген отбасына келін болып түсті. Жаратқанның маңдайға жазған сыйы болар. Намазын қаза қылмаған әжем, Аллаға мінәжат жасап, тынымсыз тірлігімен отбасы ырысын қамдап, ауылдың берекесін байырқалатты. Алладан мейір, ағайын-туыстан пейіл сұрап, ұрпағының тілеушісі болды. Әжем әулеттің түп қазығы, ұйытқысы бола білді. Ес білгенде көңілге түйгенім, әулет қана емес, ауыл құрметіне бөленген, ағайын туыстың тірегіне айналған абыз жан болды. Балалары, жасы үлкен-кіші
Нартай Бекежанов[1](26 наурыз 1890 жылы, қазіргі Шиелі ауданы, Қызылорда облысы – 17 желтоқсан 1954 жылы, Алматы) – ақын, композитор, әнші. Бай - молдаларды шенеген (“Сараң байға”, “Мырзалық емес”), барымта әмеңгерлікті әшкерелеген. (“Жесір дауы”), жалшыларды батылдыққа, қайсарлыққа шақырған өлеңдер шығарды. Ақындар айтысында Н. Баймұратовпен,Қ. Байболовпен өнер сайысына түсті. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер (“Толқын”, “Нартай сазы”, “Өсиет терме”) шығарды. Нартай өмірінің соңғы кезеңіне дейін өткір идеялық құрал өнер мен мәдениетті дамыту жолында күресті. Оның өмірбаяны туралы Мұхамеджан Рүстемов “Нартай” повесін жазды. 2010 жылы Қазақстанда туғанына 120 жыл болуына байланысты мерейтойы аталып өтті.
ӨміріӨңдеу
Анасы Бақтыгүл, ағасы Мансұр ақын болған. Сауықшыл ауыл дәстүрін өнеге тұтқан өнерлі бала он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. 1935 жылы Шиелі қыстағында ашылған балалар үйіне көркем-өнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып орналасады. Бірер жылдан кейін Қызылордада ұйымдастырылған концерт-эстрада бюросына шақырылады, өмірінің ақырына дейін сонда қызмет істейді. 1939 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу құрметіне болған этнографиялық концертке қатысып, академиялық Үлкен театр да ән шырқап, жыр толғайды. «Қызыл Москва» деген толғауы осы тұста шығарылды. Республикалық ақындар айтысына қатысып, Нұрлыбек Баймұратовпен өнер сайысына түседі. 1946 жылы Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысады.[2]
ЕңбегіӨңдеу
Шығармаларының жинағы екі дүркін жеке кітап болып басылды. 1982 жылы «Жазушы» ба сиет» деген атпен өлеңдер, дастандар, айтыстар енген жинағы жарық көрді.
ЖетістіктеріӨңдеу
«Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы (1939) берілген.[3][4]