vikakittenlove
02.02.2021 23:23

. Очень ! Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жаз.
Жүсіп Нұртөре 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Қазақ. Әкесі – Жүсіпов Байтілес ( 1921-1985). Анасы Байділдәқызы Рабиға (1925жылы туған), Зейнеткер, батыр ана, күріш өсіруші болған. Нұртөре Жүсіп С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақ қызы» (2004), «Елес пен белес»(2006) атты публицистикалық жинақтардың; 500-ге жуық айтулы мақаланың авторы. Қазақ, орыс және араб (сөздікпен) тілдерін біледі.
2008 жылдан бері «Айқын» газетінің бас редакторы. «Құрмет» орденімен марапатталған. « Алтын адам» сыйлығының лауреаты. Әскери атағы- аға лейтенант

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ДжудиХопс12345
09.12.2022 05:30
Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер жәнетұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. *Бастауыш* кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.

*Баяндауыш* - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.

На казахском "Тұрлаулы мүшелер "- на русском "Главные члены предложения "

Желаю удачи ! Сәттілік тілеймін ))
0,0(0 оценок)
Ответ:
1АндрейKEK
07.10.2022 02:24
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота