
Жауабы :
1)Өздік етісті табыңыз
Асыл өзі киінді
2)Бұрынғы өткен шақта түрған сөзді көрсетіңіз:
Танысқан екен
3)Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз:
Ызаландырмақ
4)Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз:
Бара жатыр
5)Бұйрық райдың 3-ші жағын табыңыз:
Жетсін
6)Осы шақтағы етістікті табыңыз:
Көптеген жаңа бұйымдар өндірілуде.
7)Баяндауыш қызметіндегі етістікті табыңыз:
Олжабек ойланып қалды
8)Тұйық етістікті табыңыз:
Жуу
9)Үстеу дегеніміз не?
Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін мақсатын білдіреді.
10)Мезгіл үстеуін көрсетіңіз:
Бүрсігүні аттанды
11)Мекен үстеуді көрсетіңіз:
Алға қадам басты;
12)Мақсат үстеуін табыңыз:
Жорта, әдейі.
13)Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы/
Әттең
14)Одағайды табыңыз:
Алақай, уһ
15)Ұлттық байлыққа нелер жатады:
Тарихи ескерткіштер, табиғи байлық, мәдени мұра.
16)Теңге соңғы рет қай жылы шықты?
1993 ж
17)Алтыннан да қымбат не?
Уақыт
18)Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз:
Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
19)Көп нүкте орындарына қажетті қосымшалар қойыңыз. Нарық...экономика...жетектей...күш-бәсекелес...
-тық,-ға,-тін,-тік
20)Экономикамен байланысты мақалды табыңыз:
Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.
21)Жалпы зат есімді белгілеңіз:
Адам.
22)Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз:
Мектептің
23)Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз:
Шашыраңқы
24)Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз:
Өнерлі өрге жүзер
25)Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз:
Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
26)«Характеристика» сөзінің аудармасы көрсетіңіз:
Мінездеме
27)Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз:
Көк (құтан), көк (жиек).
28)1845 жылы қазіргі Семей облысының территориясында дүниеге келген қазақ поэзиясының классигі кім?
Абай
29)Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз:
Мектептің
30)Топтау сан есімін көрсетіңіз:
Жүз-жүзден;
31)Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз:
Сен де келесің бе?
32)Ілік септігі мен тәуелдік жалғауды табыныз:
Колхоздың малы;
33)Мына сөздердің ішінен синонимдерді табыныз
Ақылды, ғұлама, кемеңгер;
34)Тайға таңба басқандай деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз:
Анық
35)Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз:
Әкесін
36)Зиялы сөзінің антонимін табыңыз:
Надан
37)Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз:
Осы жағдай сенің әр уақытта есіңде болсын.
38)Синоним сөздердің тізбегін табыңыз:
Ар, ұят, ождан;
1-БӨЛІМ
1.Махамбеттің « Мен, мен, мен едім» өлеңіндегі кейіпкердің психологиялық жай-күйін анықтаңыз.
А) ішкі ашу-ыза, кек
2. Шоқан Уәлихановтың 1856-1857 жылдар аралығында жазған еңбегін атаңыз?
Д) «Ыстықкөл сапарының күнделігі»
3. Жыр сюжетінде Кенесары хан қырғыз еліне қай елмен аттанбақшы болды?
Б) дулат
4. Төменде берілген өлең жолдары қай кейіпкердің сөзі?
Екі-үш жүз кісі көбірек,
Онша алып, тақсыр, не етейін.
Әскерден отыз батырды
Іріктеп алып кетейін-деген өлең жолдары кімдікі?
А) Наурызбай
5. Шоқан Уәлиханов атақты Қашғария сапарына қай жылдар аралығында барды?
Д) 1856-1859 ж.
2-БӨЛІМ
6. Бұл жерде заманның қиын қыстау кезеңі туралы баяндалады. Яғни азаттық пен тәуелсіздік жолыны жету оңай еместігі туралы айтылған. Және осы осы кезеңде талай азаматтардан айырылғанбыз
3-БӨЛІМ
«Шоқан – қазақтың тұңғыш ғалымы»
Шоқан Уәлиханов — XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған ағартушылық мәдениеттің негізін қалағандардың бірі. Өзінің жасындай жарқ еткен ғұмырында философия, этнография, география, экономика мен құқық салаларына атсалысқан әрі зерттеу жұмыстары бүгінгі ғылымда жоғары бағаланатын жазбалардың бірі болмақ.
Туған еліне деген сүйіспеншілігі, қазақ халқының қарапайымдылығын, халқының ән мен жырға әуес екендігін, тек қана әуестеніп қоймай, бұл өнерді ерекше меңгергендігін аса білгірлікпен көркем сөзбен де жазып қалдырған.
Бүгінде Ш.Уәлихановтың көп салалы әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық философиялық, ағартушылық көзқарасы өз заманымен салыстырғанда әлдеқайда биік болғанын көрсетеді. Халықтың жағдайын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері деп түйіндейді ғалым.
Қыр сахнасында қоғамдық ой-пікірдің жүйелі ғылыми негізде қалыптасып дамуына мүмкіндік те, жағдай да жоқ кезде Шоқанның ғылымның алуан түрлі саласымен шұғылданатын жан-жақты ғалым болуына тура келді. Ол тарих, этнография, археология, социология, экономика, филология ғылымдары саласында жемісті еңбек етті, жазушы, публицист, аудармашы, суретші болды. Ғұлама ғалым соншалықты қысқа ғұмырында кейінгі ұрпаққа аса бай, бағалы мұра қалдырды. Ш.Ш.Уәлихановтың алуан арналы бай мұрасын, ондағы қисапсыз мол ой толқындарын толық игеру, ғылымның әр саласына қосқан үлесіне бойлау әрі зерттеу жылдар өткен сайын маңыздала бермек.
Қорыта келе, Шоқан Уәлиханов қазақ тарихында қалдыран іздері әрқашан кейінгі ұрпақтың есінде болады деп ойлаймын, себебі Шоқан – өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.Шоқан қазақтың шоқ жұлдызы болып қалады. Өйткені, оның әр сөзі мен сыны, сабағы мен жинағы мәңгілік мұра.
Объяснение: