Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты көтерілген мәселені жаз. 2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ құрастыр [10] 1-мәтін «Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса бізде ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
2-мәтін «Кітап – білім бұлағы» немесе «Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін болсақ, Конгресс кітапханасы. Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттары Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон
Әрбір бала өмірінде бір рет өзіне "Кім болғым келеді?" деген сұрақты қойған болар. Өз басым ойымды сан мәрте өзгертіп, осы сауалды өзіме өмір бойы қоюмен болдым. Ал қазір бағдарламашы болам деген шешімге келдім. Мұндай шешімді қабылдауыма бір жыл бұрын файлдар мен құжаттарды қарап компьютердің алдында отырғанымда компьютердің әр алуан мүмкіндіктерімен танысуым түрткі болды. Сондай-ақ бүгінгі күні математикалық бағыттағы мамандықтарға сұраныс жоғары екені мәлім. Ұлы Абай айтқандай, біздің өміріміздегі ең маңызды таңдау - жар таңдау мен мамандық таңдау болып табылады.
Әрбір бала өмірінде бір рет өзіне "Кім болғым келеді?" деген сұрақты қойған болар. Өз басым ойымды сан мәрте өзгертіп, осы сауалды өзіме өмір бойы қоюмен болдым. Ал қазір бағдарламашы болам деген шешімге келдім. Мұндай шешімді қабылдауыма бір жыл бұрын файлдар мен құжаттарды қарап компьютердің алдында отырғанымда компьютердің әр алуан мүмкіндіктерімен танысуым түрткі болды. Сондай-ақ бүгінгі күні математикалық бағыттағы мамандықтарға сұраныс жоғары екені мәлім. Ұлы Абай айтқандай, біздің өміріміздегі ең маңызды таңдау - жар таңдау мен мамандық таңдау болып табылады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку