aydinlileman7
01.12.2022 16:39

Оқушының оқушы екендігін білдіретін нышан ретінде арнайы мектеп формасы болады. Мектеп формасы
Мысалы, бұрын оқушы қыздар қызыл қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы
жағалар тағып жүрген. Үйлеріңізде әжелеріңіздің ескі суреттері сақталған болса, тағы да бір
үңілулеріңізге әбден болады.
Кейінірек қыз балалар мереке күндері қызыл қоңыр түсті көйлектерімен ақ фартук тақса, қарапайым
күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлап жүретін болды.
Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті
саналды.
Кейінірек қыз балалар ақ көйлек пен қара белдемшелер, ұл балалар ақ көйлек пен қара шалбар
киетін болды. Мойындарына көк галстук, көк пилотка киген мыңдаған бөбектер мектеп табалдырығын
аттап жатты.
2006 жылдан бастап, бірыңғай мектеп формасына көшу туралы заң қабылданғаннан кейін, мектеп
формасы бір жүйеге келтірілді.
Қазіргі күндері қазақстандық мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасын киеді. Ол міндетті
болып саналады. Киімнің бірыңғай формасы, біріншіден, мектеп оқушысы деген нышанды білдіреді;
екіншіден, тәртіптілікті көрсетеді. Оның ықшамды, қолайлы, сәнді болуы ескерілген.
21.Мәтінде қай заманның мектеп формасы жайлы айтылып отыр?
А) тәуелсіз Қазақстанның В)кеңес дәуіріндегі С)ХХ ғасыр басындағы
22. Мереке күндері мектеп формасын ауыстырудың қандай қажеттілігі бар?
А) қажет емес В)куанышты, салтанатты білдіреді С)күнделікті киімді кию керек
23. Сол кезеңде тағып жүру міндетті болып саналды
А) қызыл қоңыр көйлек пен ақ фартук В)ақ көйлек пен қара белдемше
С)қарапайым безендірілген жаға мен жең
24. Бірыңғай мектеп формасына көшу туралы Заң қабылданды
A) 1991 жылы В)2006 жылы С)2016 жылы
25. Мәтінде айтылған біріншіден, екіншіден» сөздерінені білдіреді?
А) ойдың кімнен шыққанын В)күмәнді, сенімсіздікті С)ойды санамалап айтуды
Жақсылық пен жамандық
ода​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Neimeyumozg
03.09.2022 14:02

Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.

Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Milkyway3000
03.07.2022 11:46

Шығарма

Мұхтар Әуезов - қоғам қайраткері.

                                                              Мұхтар Әуезов - шақар шабытты  

                                                                      және бақытты жазушы.

                                                                                    Николай Тихонов.

  Жалпақ жұртқа ұлы Абайды,кең байтақ қазақ жері мен құшағы ашық қазақ халқын танытқан "Абай жолы"  болса,бұл роман-эпопеяны жарыққа шығарған Мұхтар Омарханұлы Әуезов болды.Мұхтар Әуезов – қажымас қайрат,үлкен дарын,шалқар шабыт,терең сезім иесі,гуманист жазушы.Жазушының проза, драма, ғылым, аударма саласында жазып қалдырған еңбектері – қазақ халқы әдебиетінің басты қазынасы.

  Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде дүние есігін ашқан бала Мұхтар алғашында арабша хат танып,өмірін ілім мен білімге,қазақ елінің бұлыңғыр болашағына арнаған еді.Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді.Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойларының өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп отырады. Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.

  Кезінде «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға атсалысады.Бұл жолда ол көрнекті Жүсіпбек Аймауытовпен тоғысқан еді.20 ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға өзек болатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген қаламгер - Әуезов Ол халық әдебиетінен нәр алды. Әрине қазақтың көшпелі өмірі, қаланың болмауы драматургияның дамуына кедергі жасады. Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері, қыз ұзату салтанаты, алтыбақан ойындары тұңғыш драмаға енгізілді. Әуезов көп ұлтты театрда істеген. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті.

  Оның жан жақтылығы соншалық,халық оны қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі,филология ғылымдарының докторы,профессор,Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері,ең бастысы ел адамы ретінде таныды.Мамыражай уақытта дүниеге келмесе де Мұхтар Әуезов еш қажымады.Қазақ әдебиеті асыл қорына мол мұрасын қалдырып қана қоймай,елдің мұң-зарымен етене жақын болды.Сондықтан да ол қазақ елі тарихында есімі ешқашан да өшпейтін,мұралары өлмейтін дара тұлғалардың бірі.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота