Телегей-теңіз, көл-көсір (көп). Ит жанды, жылқы мінезді (төзімді). Маңдайы ашылран, қыдыр дарыған, бақ қонған (бақытты). Сағы сыну, тауы шағылу, жүрегі шайылу (беті қайту). Тайға таңба басқандай, атқан таңдай, соқырға таяқ ұстатқандай (айқьш). Сақалын сипап қалу, тұзға отырып қалу, тақырға отырып қалу, аузы күю (алдану). Көзді ашып жұмғанша, кірпік қаққанша, иек кө тергенше, қас пен көздің арасында, көз ілеспеу, ауыз жиғанша, тіл қатқанша, ә дегенше, әне-міне дегенше, әп-сэтте (жылдам, лезде).
Объяснение:
Пайымдау мәтініне мысал.
Қайың.
Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.
Бұл - мәтіннің қай түрі болады деп ойлайсыңдар? Не себепті? – Немен дәлелдейсіңдер? Бұл - пайымдау мәтіні. Себебі, бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.
Пайымдау мәтінінің ерекшелігі:
1) Пайымдау мәтіні « Неліктен?» деген сұраққа жауап береді. 2) Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.
3) Тірек сөздері - "өйткені", "себебі", "біріншіден ", "екіншіден,"--- деген сөздер.