Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.
Мен теңізге саяхаттаганым туралы айтқым келеді. Алдыңғы жылы мен және менің отбасым Анарага бардық. Мен ол жақта көптеген жерлерді суретке түсірдім, себебі шипа жаймен қызықтырды. Бiзге ауа-райы сәтті болды. Теңіз жылы болған соң, апам екеуміз теңізде көп шомылдык. Ата-анамыз бiздi теңізден әрең дегенде шығаратын. Өте қызық болды. Кешке бiз саябаққа бардық. Онда көптеген ойын- сауықтар бар екен. Мен барiнеде ойнадым, қатты ұнайды. Таңғы ас, түскі және кешкі ас мәзірі қызық болды. Ас мәзірінде көп жемістер болды. Бiздер қонақ үйде аялдадык. Жанында бакша болды. Бақшада көп гүлдер бар. Бұл менің өмірiмдегi ең жақсы демалысы және саяхатым болды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку