revosasa73
31.05.2020 23:03

Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз.  
           Әлемнің ең үлкен кітапханасы «Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі. Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпіртүкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды. «Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар. Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз.
 
1.Мәтінге ат қойыңыз [1]
 
2. Мәтіннің мазмұнын ашатын 3 сұрақ құрастырыңыз. [3]
 1.
2.
3.
 
3-тапсырма. Әрқайсысына 1 сөйлемнен жаз . [3]
 
НҮКТЕ:
Үтір:
ҚОС НҮКТЕ:
СЫЗЫҚША:
ЛЕП БЕЛГІСІ:
СҰРАУ БЕЛГІСІ:
 
4-тапсырма. ТЕСТ [3]
 
1.Жазба стильдің тармақтарын көрсетіңіз.

А)Ауызекі сөйлеу стильі  В) Ғылыми стиль, сөз мәдениеті
С) жүйелі сөйлеу мәдениеті Д) Көркем әдебиет стилі
Е) мақала, баяндама
2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз.
А)үндемей тыңдау В) қарапайым сөздерді қолдану
С) тіл тазалығын сақтау Д) қыстырма сөздерді қолдану
Е) диалогке құрылмайды
3. Стильдің қанша түрі бар?
А) 4 В)5 С) 6 Д) 3 Е) 2
4. Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқытып қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Мәтін қай стиль үлгісінде жазылған?
А)Ғылыми стиль В) ресми стиль
С) Көркем әдебиет стилі Д) мақала, баяндама
Е) ауызекі сөйлеу стилі
5. Бірін-бірі бетпе бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісуінде қай стиль қолданылады?
А)Ғылыми стиль В) Көркем әдебиет стилі
С) Жазба тіл Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) мақала, баяндама
 5-тапсырма. «Кітапхана-  ақыл-білім ордасы» тақырыбына шағын эссе құрастыр. 50-60 сөз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
m5zapir
06.06.2021 10:53
Оқуда табысқа жету үшін алдымен сабақты үздік оқу керек. Ол үшін жалқаулық, еріншектік деген қасиеттерді ұмытым қажет. Олардың орнына ізденіс, қызығушылық қасиеттерін дамыту керек. Ең алдымен кез келген сабаққа қызығушылық болып, кітап оқу керек. Қазіргі кезде білімді адам ғана табысқа жете алады. Сондықтан газет журнал оқып, әлем жаңалықтарымен танысып, ізденуім қажет. Ең алдымен бірнеше тілді меңгеріп жан жақты болып, оқуда көптеген табыстарға жетуге болады. Еш талмай тек алға ғана ұмтылу ұстанымымен жүруім керек. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
Памагиш
28.01.2021 12:40

Су туралы шағын шығарма.

Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.

Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота