
Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы.
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — ақын, жырау, батыр, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі,Жайықтың шығыс жағалауында дүниеге келген. Болашақ жырау мұсылманша жақсы білім,сахара салтымен тәрбие алады.Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді.Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын.Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді және оның қадірлі ақылшыларының бірі болады.Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Шалкиіз ел басқарған батырлардың ерлігі мен асыл қасиеттерін жырлап, елге үлгі етеді. Жыраудың ең көп жырлаған адамы - Темір би. Оның Темір биге арналған екі толғауы сақталған. Шалкиіз новатор(жаңашыл)еді. Ол қазақ поэзиясындағы философиялық-афористік поэзиясы - толғауларында Шалкиіз ойлылықтың, көркемдіктің шыңына шықты. Қазақ тарихында артынан үлкен із қалдырып кеткен.