SVIATOSLAV3000
17.02.2021 07:59

ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Оқылым. Өлеңді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар. Абай Құнанбайұлы «Жаз» Жаздыгүн шілде болғанда, Көгорай шалғын, бәйшешек Ұзарып өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда. Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап, Арасында құлын-тай Айнала шауып бұлтылдап, Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып Жасы үлкендер бір бөлек Әзілдесіп сылқылдап. Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап. Мылтық атқан, құс салған. Жас бозбала бір бөлек Су жағалап қутыңдап. Мәтіннен жаз мезгілінің сипатын білдіретін 3-4 тірек сөзді жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Superklass1111
16.09.2021 02:45

«Сауда жасай білесіз бе?» тақырыбына шағын эссе.

Нарықтық экономика заманына көшкеннен бері сауда – саттық адам өмірінің маңызды бір бөлшегіне айналды. Заман талабына сай «Клиенттің айтқаны әрқашан да дұрыс» деген қағида қалыптасты. Сауда жасау, саудамен айналысу бір көзге оңай көрінгенімен, бұл – қыр – сыры көп, арнайы білім мен біліктілік мен шыдамдылықты талап ететін мамандық түрі.  

Сауда - бүкіл адамзат дамуының қозғалту күші. Біз сатумен күн сайын айналысамыз: тауарлар, қызмет көрсетулер, білім, уақыт, тіпті соңғы кездері өзімізді (яғни білімімізді) сатамыз. Маркетинг, PR және жарнама – бұл ғылым ретінде арнайы оқытылса, экономикалық қару да, басқару функциясы да, байланыс үрдістері де тікелей сату өнерімен байланысты.  

Қазіргі таңда заманауи сатушыға қойылатын талаптар өте жоғары десек те болады. Оның себебі, сатып алушылардың талапшылдығы мен талғампаздығына, бәсекелестердің белсенділігі мен қайсарлығына біліктілікпен, құзыреттілікпен және асқан еңбекқорлықпен жауап беріп, болашақ клиентке дұрыс қызмет көрсете алсаңыз – 100%-тік табыс әкелетіні сөзсіз. Сондықтан, сауда – әркімнің қолынан келе бермейтін өнер. Өйткені, «клиенттің айтқаны әрқашан да дұрыс» деген қағида қалыптасқан заманда әрбір сатып алушымен жақсы қарым – қатынас  орнату, жаңа клиенттер табу, тапсырысты орындай білу секілді мәселелер туындайды. Сонымен, сауда жасай білу нағыз өнер түрі деген қорытындыға келдім. Себебі, бұл сатып алушыны тыңдай біліп, қалаған затын толықтай түсіну, клиентке көңіл бөлу дегенді білдіреді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
buh583
16.09.2020 22:33
Қазақ халқы -өте қонақжай.Қонақжайлық қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі.Ежелден қазақ халқы қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық.Сондықтан қазақта мынандай мақалдар бар  «Қонақты қусаң- құт,ырыс қашады»,соған қарасақ халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.
Қонақ келсе дастарқан жайылып,дәмді тағамдар дайындалып,қазанда бауырсақ пісіп,ет асып жатады.Үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен  бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. 
Осының бәрі үй иесінің адамгершілігін,имандығын,сыйластығын көрсетеді  Қазақ халқының қонақ-жайлылық қасиетін  саяхатшылар мен ғалымдарды қатты таң қал- дырғаны тарихта жазылып қалған.

 В кратце
Казахский народ очень гостеприимный.Гостеприимство это одна из традиции казахского народа.С давних пор казахи когда приходит гость, все делают что бы гость был довольный
Когда приходят гости накрывается дастархан,готовят вкусные блюда,жарят бауырсаки,варят бешбармак.Хозяин сидит с гостем и разговаривает на разные темы.Если нужно приглашают певцов,кюйши,между разговорами поднимает настроение гостю.И дети хозяина от начало до конца  служат.все это показывает качество хозяина то что нравственный,гуманный.Про Гостепр.осталось и  записях в истории путешественников и ученых,они поражались и удивлялись гостеприимностью казахов
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота