gasi20022
25.05.2021 06:04

Окылым, 1- тапсырма. Сөйлемдерді оқы. Берілген суретке каты coilлемдерді белгіле (+).
(Прочитай предложения. Обозначь (4) те предложения, которые
соответствуют картине.)
1. Бүгін- Әнелдің туған күні
2 Саша Әнелге шар сыйлады,
3. Қанат «Лего» сыйлады.
4. Марат гүл сыйлады
5. Наташа доп сыйлады​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
anastasia8879
20.07.2021 05:36

Омонимдерге мысалдар.

Жүз:

1)  Жүз кітап - заттың санын білдіретін соз.

2)  Жүз жарқын - бет-әлпетті, түрді білдіретін зат есім.

3)   Пышақтың жүзі - пышақтың қайралған, өткір жағы.

4)   Суда жүзу - қимыл мағынасындағы сөз.

Кіріс:

а) баста, істе;

ә) табыс.

Біз:

а) тігін кұралы;

ә)жіктеу есімдігі.

Өкпе:

А) тыныс мүшесі;

Ә) реніш.

Бөлме:

А) үйдің бөлігі;

Ә) бөл деген етстіктің болымсыз түрі.

Тартпа:

А) столдың қағаз салатын жәшігі;

Ә) тарт деген етістіктің болымсыз түрі.

Жаз:

А) жыл мезгілі;

Ә)жаз – іс – әрекетті білдіретін етістік;

Б)  жаз – жай (дастарқанды);

В) жаз –емде,сауықтыр.

Бас:

А) дене мүшесі;

Ә) етістік.

Ат:

А) жұмыс көлігі;

Ә) есім, атау;

Б) етістік (бұйрық рай).

Қас:

А) адамның қабағындағы қас;

Ә) дұшпан, жау;

Б) бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

В) ердің қасы.

Жал:

А) жануарлардың желкесіндегі қыл;

Ә) Ұзыннан ұзақ созылып жатқан белес.

Көк:

А) көгерген түс;

Ә) аспан, әуе;

Б) көгеріп шыққан өсімдік.

Антонимдерге мысалдар:

айбынды-қорқақ;

батыр – сужүрек;

күшті - әлсіз;

қос - бөлек/біреу;

солғын – балғын;

бірлік – алауыздық.

Синонимдерге мысалдар:

Айбынды – айбарлы, айбатты, айдынды;

Батыр - ер, қаһарман;

Күшті - әлді, әлуетті, белді, жігерлі, қабырғалы, қажырлы, қайратты, қарулы, қарымды, қауқарлы, қуатты, құдіретті, мелжемді, мықты;

Қос - екі, жұп; сыңар;

Солғын - бәсең, көмескі, нәзік;

Бірлік - ауызбіршілік, бүтіндік, ұжым, ұйымшылдық, ынтымақ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
juliina902
06.03.2023 15:21

Мағжан Жұмабаев туралы.

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дәулетті отбасында дүниеге келген.

Мағжан Жұмабаев жай ғана ақын емес, сонымен қатар ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері мен қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы.

Ауыл молдасынан сауатын ашып, кейіннен 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе өз зеректігін танытып, шығыс ақындарының дастарын оқып өседі.

Ақын қысқа да болса мәнді өмірін қазақ ұлтына арнаған нағыз ұлтшыл ақын болған. Мағжан Жұмабаев тіліне, халқына, жеріне деген сүйіспеншілігін һз шығармашылығы арқылы жеткізген.

Мағжан – өз жері мен өз елін мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, сұлу лирикалық жырларымен оқырманын еліткен халқының дара перзенті.

Әдебиет әлемінде «Мағжан поэзиясы» деген ұғым қалыптасқан. Ақынның тіл шеберлігі, лирикасындағы нәзік сезім мен терең ой тоғысы ерекше ілтипатқа ие болған.

Ақынның аса танымал шығармалары: “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, “Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы” т.б.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота